Ақсу қаласының әкімі облыс басшысы Әбілқайыр Сқақовты сотқа берді
2021 ж. 19 мамыр
1799
0

Моноқала саналатын Ақсудың әкімі Нұржан Әшімбетов облыс басшысы Әбілқайыр Сқақовты сотқа берді, – деп хабарлайды inbusiness.kz.
Мәжілістің экс-депутаты Әшімбетов Ақсу қаласына биыл 22 қаңтарда әкім болып тағайындалған. Бірақ арада 3 ай өтпей жатып, 1 сәуір күні облыс әкімі оған сөгіс жариялапты.
Мұны өкпесі қара қазандай болған Әшімбетов әлеуметтік желіде елге өзі жария етті. Облыс басшысы оған «І тоқсанда Ақсудың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізу міндеттерін орындай алмады» деген кінә тағып, тәртіптік жазаға тартуға бұйрық шығарыпты. Бұған шамданған қала жетекшісі Сқақовты сотқа беруді жөн деп тапқан.