«А» корпусының кадрлық резервінде орын шектеулі болады

2
740

Астана. 27 наурыз. Baq.kz «А» корпусының кадрлық резервіндегі орын шектеулі, бірінші кезеңде резервтегі 500 лауазымға 1000-ға тарта адам болады. Бұл туралы бүгін BNews.kz порталындағы онлайн-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов хабарлады.

 

«Біздің сайтқа қазірдің өзінде «Арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрық орналастырылды. Кадрлық резервтегі орын шектеулі болады. Резерв адамдарды іріктеп алуға жеткілікті болуы тиіс, бірақ шамадан тыс қабылданбайды. Сондықтан ұлттық комиссия қабылдау деңгейін өзі қарастырады», – деп түсіндірді Бәйменов интернет қолданушының сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, егер бірінші кезеңде 500 лауазымға 700 адам қабылданса, ұлттық комиссия солардың ішінен іріктеп алуға болатыны жөнінде белгі бере алады. Егер ұлттық комиссия бұл жетпейді деп шешсе, онда қабылдау жалғаса береді.

«Мен резервтегі 500 лауазымға 1000-1100 адам болады деп ойлаймын, бұл бірінші кезеңге жеткілікті», – деді Бәйменов.

Bnews.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. Кадрлық резервтерді іріктеу кезінде мемлекеттік тіл есепке алынбай ма?Алынса бір ауыз қазақша білмейтіндер қалайша қаланың әкім болаы?

  2. «Кадрлық резервтегі орын шектеулі болады. Резерв адамдарды іріктеп алуға жеткілікті болуы тиіс, бірақ шамадан тыс қабылданбайды. Сондықтан ұлттық комиссия қабылдау деңгейін өзі қарастырады»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз