Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды
2021 ж. 22 сәуір
1979
0


Ахметжан Есімов Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақ үні".
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің сайты хабарлайды.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды". делінген хабарламада.
Алдында ол 2017 жылдың 23 желтоқсанынан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқармасының төрағасы болып қызмет етті.
29 наурызда Есімовтің "Самұрық-Қазына" қорының басшысы қызметінен кеткені белгілі болды. Бұл лауазым Алмасадам Сатқалиевке бұйырды.