Алик Шпекбаев қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы «Қазақ үні» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.