ҚР СІМ Иорданиядағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

0
518

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылатын Иордан Хашимит Корольдігінде болған оқиғаны мұқият бақылауда.

Қазақстан Король Абдалла II Иордания халқының әл-ауқатын жақсартуға, аймақтық тұрақтылық пен әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған саясатын қуаттайды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан Иордания басшылығының ішкі саяси тұрақтылықты сақтау жолында қабылдаған шараларын толық қолдайды.

2017 жылғы қарашада Король Абдалла ІІ ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік атты алғашқы Назарбаев сыйлығымен марапатталды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз