Мәжіліс депутаттары ант берді

Нұр-Сұлтанда VII шақырылған Мәжілістің бірінші жалпы отырысы өтіп, жаңа депутаттар Қазақстан халқына ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен тұтастығын нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депуттаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін»,- деді депутаттар Мәжілістің жалпы отырысында.

Еске салсақ, 7-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің толық құрамы белгілі болды. Жаңа Мәжілісте еліміздегі 3 саяси партия мен Қазақстан халқы Ассамблеясының кандидаттары мандатқа ие болды. ҚР Парламент Мәжілісінің толық құрамы жасақталды.