Мәжіліске өткен Nur Otan, "Ақ жол" және ҚХП қанша депутаттық мандатқа ие болды

Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудың соңғы нәтижелерін жариялады. Сайлау нәтижесінде ҚР Парламенті Мәжілісіне үш партия өтті.

Олар Nur Otan, "Ақ жол" және Қазақстан халықтық партиялары өтті.

Аталған партиялардан бөлінген депутаттық мандаттар келесідей:

Nur Otan партиясы - 76 орын;

Қазақстан халық партиясы - 10 мандат;

Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы - 12 орын.

Сонымен қатар, Мәжіліс құрамында Қазақстан халықтары Ассамблеясы атынан сайланған 9 депутат болады.