Озбыр орыстың күлімсі саясаты тағы саңғыды...

Ресей Федерациясы думасының ешкім танымайтын ортанқол, білімсіз депутат-сымағы Вячеслав Никоновтың сасық аузынан арандату айтылды... Сондағы «арманы» – айбынды да қаһарлы Алтын Орданың тікелей мұрагері – қазақтарға қарап кәрі кәндекше шәуілдеп үріп, қысқа құйрығын бұтына қыстырып, кері қашу... Кезінде орыс князьдерінің қазақ ханының табанына жығылып, етігін сүйіп, қатыны мен қызын сыйлыққа ұсынған тарихын ұмыта алмай, түйетұз жалайды... Кейінгі бақталастық кесірінен қазақтың аз-кем уақыт орысқа бағынышты болып қалғанында да рухы сынбай, айбаты азаймағанын көре алмай, іші күйеді... Бүгінгі қазақ сенаторы, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар аға Құл-Мұхаммед шегір көз, селдір шашқа ойының қуаты мен сөзінің уытын шашып: «Ерте замандардан бері қарай аталған жерлерді қазақ тайпалары жайлағаны – басы ашық ақиқат. Дәл осы жерде біздің заманымызға дейін үшінші мыңжылдықта өмір сүрген атақты ботай мәдениетінің қоныстары табылды. Ботайлықтар жабайы жылқыларды қолға үйреткен, жылқы шаруашылығымен және әртүрлі кәсіппен айналысқан. Ғасырлар мен мыңжылдықтар бойы осы далада біздің тікелей бабаларымыз – сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар мен қазақтар құрған мемлекеттер бірін-бірі алмастырып отырды. Алтын Орданың негізін қалаған Жошы хан – Керей мен Жәнібектен Абылайға дейінгі барлық қазақ хандарының атасы. Жошы ханның мазары Ұлытауда, Орталық Қазақстанның аумағында орналасқан. Алтын Орда ыдырағаннан кейін 1465 жылы Қазақ хандығы құрылды. Оның 550-жылдығын 2015 жылы Қазақстан мемлекеттік деңгейде атап өтті. Дәл осы хандық Ресеймен достық қарым-қатынас орнатқанын ресейлік ғалымдар жан-жақты зерттеп, мойындаған. Қазақ даласында Түркі қағанаты, Дешті-Қыпшақ, орта ғасырдағы даңқты мемлекет – Алтын Орда, Қазақ хандығы туын тіккенін және бүгінгі Қазақстан – осы елдердің заңды жалғасы», – деп қадап айтып, нақты дәлелдеді. Дұп-дұрыс: қазақ халқының тарихы тым тереңде жатыр, оның ішінде ата-бабаларымыз ежелден Солтүстік Қазақстанды қоныс еткен. Қазақ ұлтының ұлықты еркіндігін көре алмай, Тәуелсіздік күнінің қарсаңында орыс депутат-сымағы Вячеслав Никоновтың айтқан долбар-далбасасы – қайсар қазақтың заңды ашу-ызасын туғызды. Сондықтан, қазақтың Сырты істер уәзірлігі қарсылық нотасын жолдап, орыс елшісін шақырып алып, кездесу өткізді. Сенатор Мұхтар аға Құл-Мұхаммед осы жағымсыз жағдай жайында: «Бұл – саяси жауапсыздық қана емес, берік достық қарым-қатынас орната білген миллиондаған қазақ пен орыстың тарихи танымын қорлау. Мен үшін де және миллиондаған қазақстандық үшін де орыс пен қазақ халқы арасындағы достықты сақтаудың маңызды екені айқын. Әсіресе, айыптаулар мен арандатушылық мәлімдемелерге жол беруге болмайды», – деген салмақты ойын ашық айтты. Расында, қазір Қазақстан мен Ресейдің арасында көршілік келісім, стратегиялық серіктестік, мәңгілік достық туралы одақтастық орнаған. Оның үстіне, бізді жеті жарым мың шақырымнан асатын тікелей шекара мен тарихы байланыс жалғап тұр... Қазақ саясаттанушысы Досым Сәтбаев: «...Біз өзімізді құрметтемесек, онда олар бізді құрметтеуді тоқтатады. Дипломатия әлемінде белгілі бір мәселе бойынша өз ұстанымын нақты көрсетудің көптеген құралы бар. Біздің сыртқы істер министрлігіне Қазақстанға, оның аумақтық тұтастығына, тарихына, тіліне және тағы басқа факторларына арандатушылық және қорлау сипатындағы шабуылдарға жол берген барлық адамның республикамызға келуіне тыйым салуды ресми енгізу сияқты құралдардың бірін қолданатын кез келді. Арандатушылардың көбі Қазақстанға келмейтіні түсінікті. Жириновский мен Никонов сияқты ресейлік билік өкілдері кіретін тізім құру керек», – деп жазды. Меніңше, бұл – өте құнды ұсыныс. Қазақ Елінің Сырты істер уәзірлігі қазақ дұшпандарының тізімін әлдеқашан түзіп-жариялап, ниеті арам, аузы бейпіл жауларға ит қосып, аулақ қуу керек еді. Ең алдымен, мұндай тізім Қазақ елінде, сосын, бауырлас Орта Азия елдеріне таратылғаны лазым. Бәлкім, кейінірек, күллі түрік елдеріне таратылса, нұр үстіне – нұр! Неге десеңіз, қазаққа дұшпан – алаш пен түрік баласына дос бола алмайды! Бұл – саясат, ал, өмірдің өзі – саясаттан алыс емес. «Орыстан досың болса, жаныңда айбалтаң болсын!» дегенге – «Айбалтаң қайраулы болсын!» дегенді қосу керек». Осы рас сөз: қашан да балтаң қайраулы болса, арам дұшпанның – харам басын «қайқаң еткізіп», қағып тастайсың! Қашан да Қазақ Елінің іргесі – бекем, жұрты – кемел болсын! КӨЗІҢДІ АШ, қазағым!   Қазақта  ит-шошқаның  ақысы  жоқ!   Күн біткен сайын, кештеу төсекке қисайып, жан-жағыма қарағанымда, қашан да белгісіз бір нәрсенің жетпей тұрғандығын сезінемін... Шерхан Мұртаза ағамыздың «Бір кем дүние...» дегені есіме түседі. Өмірдің ащы да болса, жалғыз шындығы – осы бір ғана ауыз сөзде жатқан сияқты... Өзім Ақжайықтың жағасында озбыр орыспен айқасып өскен жігітпін. Доңыз жегеннің – қоңыз пиғылы мен сасық-шошқа қадетіне Қазақ Елінде бір адам – анық та қанық болса, ол – менмін! Сондықтан, Алматының немесе Ақмоланың қазағы, қарағандылық бауырым мен қызылжарлық қандасым сабалақ сары шаштыны – қолдай кеткенде, мадақтай жөнелгенде – жұдырығымды мығымдап түйіп, тұмсығынан бір-ақ соғуға шақ қалып, әзер шыдаймын... Өмірдің өзі, тағдырдың талайы – озбыр орыстың толық арам, тұтас харам екендігін әлдеқашан айқын дәлелдеген! Тіпті, ақылы асып, қулығы басым туған Әбілқайырхан бабамның өзі көккөздің күмілжіуне қапыда сеніп қалып, бармағын тістеп, абайсызда тарихта теріс таңбаланып қалды. Әйтпесе, қай заманда да қазақтың бірде-бір билеушісі қазақты басқаға – бағынышты, жатқа – кіріптар еткісі келген жоқ! ...Жалпы, жылдың басы мен аяғында жаға жыртысып, жақ қарыстыра қырылысқан қылық – жақсы қадет, тәуір қадет емес. Сол себепті, кез келген мезгілде нәжіс жеп, ірің іше беретін жириновский, лимонов, новиков т.б. шошқалардың сасық аузына асыл сөзімді қор қылғым келмеп еді, амал жоқ, Бауыржан Байбек құрдасымның: «Қазақтың тарихында бізге ешкім, ешқандай жер сыйлаған жоқ. Барлық жеріміз бабаларымыздың маңдай терімен, төгілген қанымен келген» – деп, кесіп атқан келісті сөзінен кейін үндемей-ақ қалуға тырысып едім, керуен көшіп бара жатқанымен, сабалақ иттердің шәңкіл-шәуілі мазамды ала берді... Реті келгенде, тағы бір қайталайын: менің жеке басымның пайымынша, Нұрсұлтан Назарбаев мырзаның екі ірі қатесі бар: 1. Орысқа сеніп, дос санауы. (Орыстың ғасырлар бойы қазақты жаныштағандығын ескермей...) 2. Жер бетіндегі ең бір мықты – қазақтың ядролық арсеналынан бас тартуы. Меніңше, Нұрсұлтан Назарбаев мырза жеке таным, жалғыз шешімімен қазақтың ядролық арсеналынан бас тартпай, алдымен, қазақтың ой-пікірімен санасуы керек болатын. Сол «өзімбілемдіктің» зардабын – бүгін шегіп отырмыз. Егер қазір қазақтың қолында ең мықты ядролық арсенал болғанда, бірде-бір ит пен шошқаның қазаққа ақы туралы сасық ауызын ашпақ түгілі, біздің рұқсатымызсыз – жел шығара алмай, бүксіп отыратын еді. Әттең! Орыста жылан жылғы қатын-патшадан бастап, тексіз тыңшы (бәлкім, шетел жансызы) Путинге дейін бұтына саталап, қанына қаталамаған бишігеш жоқ. Мысық-мұрт Сталиндей сұмырай гүржі ер түріктің төл баласы – қазақтың жетпіс пайызын қырып берді... Қайсар қазаққа қарап, иттің үріп, шошқаның қорсылдағаны – бір сәт те тоқтаған емес. Бүгінгі таңда алып АҚШ пен қаһарлы Қытай – қазақтың шегенделген шекарасының бекітілген беріктігі мен тұрақты тұтастығына кепілдік берсе де, «Жау жоқ деме, жар астында» деген ақиқатты бір дем ұмытпауға тиіспіз! Тарихымызды бұрмалап, танымымызды шайқауға тырысқан; тілімізді таптап, тұғырымызды жайпауға ұмтылған; ділімізді ластап, дінімізді жоюға күш салған озбыр орыспен әңгіме қысқа, мәміле қатаң: жүзі өткір айбалта! Құрым қытайдың – сырты қара болса, озбыр орыстың – іші қара! Осы ақиқатты түсінген қазақ қана – батысқа айбалтасының өткір жүзін жарқыратып, ұрпағын аман сақтап қала алады. Қадым кезеңнен атырабын аялап, ұлан-ғайырын ұлықтаған қайсар қазақ – шөкім жері жолында қан төгісіп, жан беріседі. Бүгінгі құрама орыс елінің жартысынан астамы – мұсылман, басым бөлігі – түркі баласы, бұл қуаттың күші – ең мықты ядролық арсеналдан мың есе артық! Әдетте, мүйіз сұраған – құйрығынан айыралады… Қажымұқан ҒАБДОЛЛА