Қызылорда облысының экс-әкімі сотталды

Қызылорда қалалық 2-сотында Қуанышбек Ысқақовқа қатысты сот үкімі жарияланды. Сот Ысқақовты жеті жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтеуі керек. Сондай-ақ, Қуанышбек Ысқақов мемлекеттік, ұлттық және квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырылды, - деп хабарлайды  stan.kz.

Айта кетейік, бұған дейін прокурор Қызылорда облысының бұрынғы әкімін сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Мемлекеттік айыптаушы Ысқақовты "ірі көлемдегі алаяқтық" үшін кінәлі деп тануды сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, Қуанышбек Ысқақов осы жылдың наурыз айының соңынан бастап үй қамауында отыр. Ол қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша күдікті болды. Осы бап бойынша әкіммен бірге тағы төрт адам айыпталды. Іс бойынша сотталушылар Қызылорда облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Мұрат Имандосов және тағы бір экс-орынбасары Марат Делмұханов болды. Сонымен қатар, айыптау қорытындысының көшірмесі кәсіпкерлер Жеңісбек Ысқақов пен Азат Досмаиловқа тапсырылды.

Тұтқындау кезінде Ысқақов Қызылорда облысының әкімі болған. Бұған дейін ол үш жарым жыл бойы облыс әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді және экономика, қаржы, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін қадағалады.

Еске салайық, бұған дейін қызылордалық прокурор соттан Ысқақовты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.