Майлыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен қалалық Мәдениет басқармасына басшы болып Ғани Майлыбаев тағайындалды.

Ғани Майлыбаев 1987 жылдың 10 қыркүйегінде дүниеге келген.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласындағы Nur Otan партиясының Бостандық ауданындағы филиалының статистикалық есеп секторының меңгерушісі — бас бухгалтері болып бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласындағы Nur Otan партиясының Алатау аудандық филиалында заңгер-кеңесші, консультант болып жұмыс істеген.

2014-2015 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Nur Otan партиясының Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.

2015 жылдан 2019 жыл аралығында Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдан 2020 жыл аралығында Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары болды.

Осыған дейін ол Жамбыл облысы әкімдігінің Туризм басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.