LATYNGA көшу – мәңгілік ел болу мәселесі

10
2240

Құдай қазақтың тілеуін берді!.. Саяси шешім қабылданды! Латыншаға қазақ елі көшейін деп бел шешті. Енді қазақ үшін нағыз белдесіп, табан тірескен күрес басталды. Бұл күрес рухани тазару үшін, отарсыздану үшін, қазақтың «мәңгілік ел» болып қалуы үшін болатын күрес.

Өйткені Ресей империясы латынға көшпейді, көшейін деп отырған да жоқ. Сондықтан қазақ еліндегі әрбір орыс келімсегі өзін Ресейдің 5-ші колоннасы ретінде сезінгендіктен, латынға көшуге қарсылық көрсететін болады. Ресейден келетін барлық туристер, эмигранттар, қонақтар, т.б. келімсектер және елімізге қаптап келіп жатқан газет-жорналдар мен ғаламтор арқылы бізді басып-жаншып тұрған ақпараттар мен ақпарат құралдары да латын әліпбиіне көшпейді. Яғни, Құдай қазаққа қазақтың тілеуін берді! – деп шаттанып іске кірісуіміз керек. Барлық қазақ мектептері мен қазақша оқу орындары, ақпарат құралдары, ғаламтор, газет-жорналдар, радио, телеарналар, медицина, мемлекеттік орындар мен кәсіпорындар барлығы-барлығы шамасы келген күннен бастап латынға көше беруіміз керек. Балабақшалар мен бастауыш мектеп оқушылары 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап латынға көшуі керек. Сөйтіп, 10 жылдан кейінгі мектеп бітіруші қазақ елінің азаматтары үшін кириллица бөтен жазу болып қалуы керек. Өмір талабы осыны талап етіп отыр. Біз қаласақ та, қаламасақ та солай болады, себебі мектеп оқушыларының 70%-ға жақыны қазақ тілінде оқиды, олар қазірдің өзінде орыстарды шетел азаматы деп біледі. Өйткені олар оқитын ауылдарда жалғыз орыс ұлтының азаматы жоқ. Ал орыс тілі ол қазақ балалары үшін қазірдің өзінде шетел тіліне айналды.
Ал Ресей оқу орындарының қазақ еліндегі филиалдары, орыс баспасөздері мен басылымдары, Ресейден келетін газет-жорналдар, орыспен біріккен таможня, Еуразиялық Одақ, т.б. ресейшіл ұйымдар мен ұжымдар әліпбиін латынға көшірмейді. Оларды латынға Президентіміз де көшіре алмайды. Өйткені олар біздің мемлекеттік тілімізді, қап-қара түрімізді, қазақи салт-дәстүрімізді, Астанада қабылданған заңымызды, ел сайлаған Президентімізді менсінбейтіндігін тағы да көрсетеді. Ал біз латынға тез көшу арқылы көп нәрсе ұтамыз. Ең алдымен ақыр илейтін сол «бір терінің пұшпағын илей беруіміз керек». «Дорогу осилить идущий» – дейді орыс мұжығы. «Өлетін бала молаға қашады» демекші, кім латынға көшпесе, оның келешегі болмайды, яғни, рухани жағынан өледі. Барлық мемлекеттік мекемелердің латынға көшуін қатаң қадағалайтын «Тіл полициясын» құру керек. Құжат айналымдарын да латынға бұруымыз керек. Сөйтсек қана қазақ бізге келіп жатқан жүздеген Ресей газет-жорналдарынан, тағы да басқа Ресей мүддесін бізге тықпалаған кириллицадағы ақпараттардан құтылады. Ресей газет-жорналдарын ешкім сатып алмайды!
Яғни, орыс тілі қазақ елінде керексіз болып далада қалады. Сөйтіп, мемлекеттік тілді нақты ресми тілге айналдырамыз. Әйтпесе, «мемлекеттік тіл – қазақ тілі, орыс тілі – ресми тіл» болып әлем халықтарының алдында өстіп күлкі – анекдот болып жүре береміз.
Сондықтан барлық жиналыстар, отырыстар, салтанаттар, құжаттар тек мемлекеттік тілде, латын әліпбиінде жүруін бүкіл қазақ болып қатаң талап етуіміз керек. Қазақтың тағдыры тағы да қазақтың өз қолына берілді.
Осы белбеуімізді шешіп соңғы рет белдесуге шыққанда, жеңуіміз керек. «Жеңілген күреске тоймайды» дегенге 5 жастағы бала да намыстанады. Біз жеңеміз! Алла Тағала қазақтың жағында!
Біз жеңсек, түбі бір түрік жұрты бірігеді! Бүкіл түркілердің атажұрты – қазақ даласын қазақ рухы жайлап, қазақ елі мәңгілікке бет алады. Бізге нақ рухани отарсыздану туады, мемлекеттік тілдің бағы жанады.
Осы істі бастап отырған және соңына дейін жеткізетін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тарихынан ойып тұрып өз орнын алады, оның аты тарихқа латын әліпбиінде алтын әріппен жазылады және бүкіл әлем оның тәуелсіздік үшін күрестегі теңдесі жоқ көрегендігіне қайран қалады!

Кенесары ҚАПТАҒАЙ
«Желтоқсан көтерілісі» ҚБ тең төрағасы
«Болашақ жасар»

 

 

 

10 ПІКІРЛЕР

  1. Нағыз ұлтшыл нағыз патриот Кенесары Қаптағай ғана қазақ мүддесі үшін уақытын қаржысын аямай жүрген жалғыз қазақтың бай ауқатты азаматы Кейінгі уақытта ғана көптеген жиналыстар мысалы Менің тілім Жүректе бір АЛЛА Қазақ тарихының тағдыры Ұлттық модеринизацияның бағыттары сияқты көптеген ұлттық тақырыпта ұлтты оятып жүр

  2. Міне Кенесарының айтқаны тағы да келді Ол ақсақал он жылдан асқан шығар МӘҢІЛІК ЕЛ идеясын айтқалы Тіпті осы ЛАТЫНҒА көшудің өзін де ол ақсақал Қазақтың мәңілікке бет алуы деп осыдан тура бір жыл бұрын өте дұрыс айтқан Ешқашан ешкімге тимей тек қазақ үшін еңбек еткенін кеше күні шыққан ЖАСТАР ҮНІ деген журнал жазыпты

  3. Ешкімге керек емес жетпіс жыл бойы жазғандардың жазуы әлі де Мәскеуді отаным деп оны ОТАН соғысында қорғадық деп оттап жүргендер Менің ойымша түбегейлі құтылу керек Кирилицадан

  4. МӘСЕЛЕ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КОШУ НЕМЕСЕ КОШПЕУДІ ТАЛҚЫЛАУДА ЕМЕС ЕНДІГІ МӘСЕЛЕ ҚАЛАЙ ЖӘНЕ ҚАШАН КОШУДІ ТАЛҚЫЛАСА БОЛАДЫ КЕНЕСАРЫ ҚАПТАҒАЕВ МЫРЗА НАҒЫЗ ІСКЕРЛІК КОРСЕТІП ОТЫР ЕСТУІМШЕ ОЛ АҒАМЫЗ ЖАҚСЫ БИЗНЕСМЕН НАҒЫЗ ҰЛТШЫЛ АДАМ ОСЫДАН ЖЕТІ СЕГІЗ ЖЫЛДАЙ БҰРЫН КОП БАЛАЛЫ ҮШ ОРАЛМАННЫҢ БАЛА ШАҒАСЫНА ҚАРЖЫЛАЙ КОМЕК БЕРДІ МЕНІҢ ТАҒЫ БІЛЕТІНІМ ОРЫСШЫЛ ТЕЛЕАРНАЛАРМЕН ОЛАР ТЕК ТҮНДЕ ҒАНА ОН ПАЙЫЗДАЙ УАҚЫТ ҚАЗАҚША СОЙЛЕГЕНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ ҮШІН ОН БЕС ЖЫЛ ШЫДАҒАН КОРПЕНІҢ АСТЫНАН ТЫҒЫЛЫП БАР ҚАЗАҚ ЖАТҚАНДА ЖАЛҒЫЗ ОЗІ ЕКІ ЖЫЛДАЙ СОТТАСЫП ТЕЛЕКАНАЛДАРДЫҢ ҚАЗАҚША ХАБАРЫН ЕЛУ ПАЙЫЗДАН АСЫРҒАН АЗАМАТ ЕКЕНІН ОМІРЗАҚ АҚЖІГІТ ДЕГЕН ПАТРИОТ ЖІГІТ»ЕВРАЗИЯ» ДЕГЕН ГАЗЕТКЕ ЖАЗҒАН ЕДІ

  5. Осы қазіргі қазақты түсінбеймін Баяғыдай бірақ күнде ешкімнен сұрамай латын алфавитіне кошіріп жіберу керек Әйтесе Кенесары мырза айтқандай Ресейдің котінде жүре жүре жоғалып кетеміз

  6. Кер жазуының ұлтымызға пайдасы мен латын харпіне ауысудан келетін зияндар және рухани кеселдер.
    Ескерту;(Қиямет мезгілінің сипаттары және Ата жолы хикметтері кітабынан қысқартылып алынды.) «Батаменен ел көгеріп, жаңбырменен жер көгеретінін» ескерткен аталарымыздың қалдырған нахылдарының хақиқатын дәлелдеу үшін төмендегі Құдайдың өзінен түскен деректерді халыққа жария етуді жөн көрдік. Енді нақты дәлелдерге жүгінсек; Ата жолына келіп, түстерді жоруды үйреніп, аяндарға жалғанып, үкімдерін намаз қылып орындаумен 9-жылдық тәубе сынағынан өтіп, тағы бір жыл көптеген белгілерге иман келтіру, бабалар батасымен тазалық, тақуалық намаздарын әліміз келгенше орындау арқылы, әйтеуір Құдайдың назарына, пайғамбарымыздың шапағатына ілігіп, сондықтан да Раббымыздан; «Енді сұра! 170-сұраққа жауап беріледі!» деген құпия жан сырынан әмір келді….
    11. Ақ қан (лейкоз) ауруының себебі? Жауап; Ана сүтімен берілетін қандағы тектілікке берілетін белгілердің (діл білімінің) жетімсіздігінен және тілдің дұрыс болмауынан (шайпау сөйлеуден, тіл мінезінен, ана тілін толық меңгермеуден) бауырға әсер етіп, бауыр жұмысының қуаттылғының әлсіздігінен пайда болады.14.Өкпе, туберкулез ауруларының негізгі себебі? Жауап; Алақан арқылы енетін теріс қуаттардан пайда болады. 16. Есту қабілетінің әлсіреуі және кереңдік ауруларының себебі? Жауап; Әйелдерде: Іштарлықтан,(қызғаншақтық) өзімшілдіктен пайда болады.
    17. Мылқаулықтың себебі неде? Жауап; Жасырын ашыналық, зинақорлық болашақ ұрпақ тілін байлайды. 18. Алапес ауруы неден пайда болады? Жауап; Ақ білегі кірнелі, алақаны түгесті, саусағынан сыпырған, өңешіне тірелген.
    19.Қандағы імүндік қарсылықтың жетімсіздігі яғни спид ауруының негізгі себебі? Жауап; Ата ұрығының тұздануынан, ана ұрығының ашуынан ұрпаққа әсер береді.
    20. Сүйек құртының (костный туберкулез) негізгі себебі? Жауап: Ата ананың табанының ағармай ластануынан қан және нәсілдік тұқым қулау арқылы ұрпақтары дерттенеді. 23. Тәнді безеу басудың негізгі себептері? Жауап; Тырақ өсіру, қол саусақ тазалығын сақтамау арқылы тоқ ішекке, жабысқақ бауырдың (көкталақ)қанды қалыптастыру қызметінің бұзылу әсерінен және жалпы қан қызметінің, тазаруының бұзылуынан.
    . 30. Әйел жыныстық қуатының тазалығы, тақуалығынан неке төсегі арқылы жұбайына қандай күш, қуаттық әсері бар. Жауап: Еркек жүрегіне шабыт болып, санасы тазарып, ойлау қабілеті тазарады. Сонымен бірге (әйелдің еркекке бертін несібе шарабы арқылы) көкірекке, төстегі сүйегіне, қуат кіреді. Балтыр қан тамырлары күшейеді. Мейрімділік пайда болып, асқазан жұмысы жақсарады.
    31. Еркек жыныс қуатының тазалығынан, еркектің тақуалықты меңгеріп, нәпсі қуатын таза сақтаудан, ер шауқатынан әйел затының қандай ішкі ағзаларына қуаттық, күш әсерлері бар? Жауап: Жүрекке, көзге, білекке, бауырға қуат беріп және бүйрек қан тамырлары толысады.
    32.Әйел затының еркек бейнесіне еніп, шалбарланып, кәсіптік бағытының өзгерумен (киіз қазығының жоғалуымен де) ар кимінің жоғалуынан, күйеуіне жыныс арқылы қандай теріс әсері бар? Жауап: Еркектің жыныстық қуатына теріс әсер етіп, ер жыныстық қабілеті төмендейді. Ер адам әйелдік кейіпке енеді Сегіз көз, төс майлары іриді де ұрықтық қуаты да төмендейді. Қуық тамырлары жіңішкереді де нәзіктік өрісі (қатындық мінез, қылық) кеңейеді.
    33. Дәрет, киім қағидаларын сақтамай киелі орындарды басудан (зияратаудан) пайда болатын зиянды әсерлердің түрлері? Жауап: Қан тамырларында көк түйіндердің пайда болуымен, көкірек қан тамырлары тарылады, қан айналымы бұзылады.
    36. Ана тілін меңгермегеннен ұрпағына, тағдырына қандай зиян келеді? Жауап: Қаны сұйылып, түрлі дертердің бастаушысы болып, тұқымында ынжықтық пайда болады. Ұрпағы азады.
    37. Ана тілін меңгермеуден, дұрыс сөйлемеуден жене еркектің ұрықтық белгісіне, болашақ нәсілдік ұлтық ұрпақтарына қандай әсер береді? Жауап: Тақым қағар қуаты кеміп, бойкүйездік пайда болады.
    38. Әйел затының ана тілін меңгермеуден, әйелдік жыныс қуатына қандай әсерін тигізеді? Жауап: Әйел жатыры төмен түсумен, бала тұрақтамайды. Жыныстық аурулармен ауру мүмкіндігі артады.
    39. Қоғамдағы білім жетістігі болып, еркектердің мүше қап арқылы жыныс қатынасымен, шауқатын шашудан келетін рухани сынақ? Жауап; Әйелдерге жатыр кеселін жұқтырумен, бел омырқасына, балтырына, табанға қара қуатар болып енуімен, табан баса алмай қалатын кеселге тап болады.
    38. Сол сияқты әйел затының бала көтермеу мақсатында түрлі дәрі дәрмектерді пайдаланып ұрықты өлтіру әдісінен тағдырға келетін рухани сынақтар? Жауап; Аналық сүті азғындауымен, туған ұрпақтарының ана сүтінсіз, қуатынсыз өсумен, ұрпақтары рухани жетімсіз кеміс болады. Ал ер азаматтарына беретін жыныс суы, қуаты бұзылып, жоғалуымен еркегінің өмір жасының қысқаруына соқтырады.
    40.Балардың іштен пайда болатын жүрек ақауларымен, өмірге келу себептері? Жауап; Ата-ананың тілдік дертінен ұпақтың жүрегіне ақау түседі.
    41 Буын арасы майлары мен сіңірлерінің құрғап, түрлі буын ауруларының негізгі себептер? Жауап; Басты қорғамай, тері асты май қабатының кебумен, төбеден өткен қара қуаттың сары суға өтумен және аяқты қорғамағандақтан табан сіңірлерінің өткен қара қуатың буындарда бір-біріне қосылуымен буын ауруларын туындатады.
    . 44. Жас балаларға Құранды арап тілінде өлшемсіз жатату және осы замандағы қарилықты меңгеруден қанадай рухани зиян келеді? Жауап; Жүрекке әсер етеді, сананың әлсіздігімен, ойлау қабілеті төмендеп күмәншілдік, сенімсіздік рухани кеселдері пайда болады. 45. Ана тілі толық жетіліп қалыптаспай өзге шет тілдерін зорлап үйретуден қандай рухани зиян келеді? Және адам баласы қай жаста тіл қуатының жетіліп қалыптасуы пайда болады? Жауап: Мұндай жастардың, адам баласының жүрек иманы жетілмейді. Екі жүзділік мінез пайда болып, тағдырынан зиян береді. Ана тілі қуаты 13-жаста ғана кемелденіп толысады.
    49 Ана тілі толық қалыптаспай шет тілдерін зорлап оқытып үйретуден қандай рухани теріс әсерлер пайда болады? Жауап; Жүрек иманы болмайды. Екі жүзділік мінез қалыптасады.
    50.Қай жаста ана тілдік қуаты толық жетіліп, діл білімі қалыптасып болады? Жауап; Он үш жаста толық пісіп жетіледі.
    67. Сұрақ; «Кер (крилица) жазу, таңбасының тегі қайдан?» Жауап; «Осман Керағұлы 541-ші жыл, түркі тектес тайпадан. Яқуп сүресі 111-аят»
    68. Сұрақ; «Кер таңбасының қазақ үніне байланысты несбелік, рухани пайдасы?» Жауап; Өңеш, жүрек ауруларының алдын алады.
    69. Сұрақ; «Құран сыры толық ашылу үшін қанша таңба үнге дейін даму керек?» Жауап; «49 таңбаға толу керек.»
    70. «Тілімізді латын харпінен ауыстырудан рухани зияндылық бар ма?» Жауап, «Ала ауыздық (ауыздағы алтау бірленбейді) көз,ми қабыршағына зиян келеді.» (Америка еліндегі ми құрты ауруының негізгі себебі де латын харпінің үндік жетілмеуіннің де әсері болып жатқаны хақ)
    52.«Жас қыз баларды орамалсыз, басын қорғамай өсіруден келетін қандай нұқсан бар? Рухани зиян бар ма?» Жауап; «Жетесіздік қалыптасып, есту қабілеті, құлақ көздері жабылып, құлақ аспайтын әдеттерге айналып, Ата-ана аманат парыздары ақталмайды.»
    53.«Ана сүтінің пайда болу ағзалары мен және діл қуатына, тазалығына қандай жағдайлар әсер береді?» Жауап: «Тіл тазалығы, жатыр тазалығы және алақанға абай болу керек. Жүрек, бауыр арқылы келетін тамырмен ана сүті кеуде тазалығына байланысты қалыптасады»
    58.«Жеті түрлі қияметтік бас ауруларының негізгі себебі неде?»- деп сұрадым. Жауап; Жер мен көктің арасына араласқан адам баласынан бөлінген иістердің қайта бейнелеуінен 3 түрлі себтік нәрселерден пайда болады. 1.-Адам бойын қошайтын қара майдың пайда болуынан. 2.-Тәнге түрлі азықтар арқылы енетін ащщы майдан. 3.-Қоршаған ортаға ауға арласқан көмір қышқыл майдан пайда болады.
    59. «Әйел затының шашты қиып, қысқартудан қандай рухани зияндылық бар? Жауап; «Әйел терісі жұқарады, етекірі бұзылады, көк тамырлары ұлғаяды.
    60. «Шашты күтіп, өсіріп қорғай білуден қандай рухани пайда бар?» Жауап; «7-түрлі қасиеттің пайда болуымен, ымырашылдық мінезді қалыптастырады».
    61. «Әйел затының жаулықсыз жүруінен және бастарынан шығатын иістерден адам баласына қандай зиянды нәрселер ауру қоздырғыштары пайда болуы мүмкін? Жауап; «Асқазан жарасы, өңеш жарасы індетке айналады. Ұрпақ бойының өсуі тоқтайды, адам баласы тұқым қуалаумен ергежейлі болып туылады.»
    62. «Жалаңбас, жалаңаш бой жетілмеген әйел затынының қолыннан шығатын теріс қуаттарының (микробтардан) тамақ арқылы ағзаға өтіп, қандай зиянды әсерлер бар?» Жауап; «Асқазан, іш құрлыс, тамақ бездеріне теріс әсерлер дертерге себепші болады. Негізінен іш ауруларының, Асқазан ауруларының, өңеш қылтамақ ауруларының қоздырғыштары пайда болып тамақ арқылы жұғады Тамақ арқылы кіретін теріс қуатардан ағзада қышқылдың азайуымен удың тәнге көбірек жайылуын қамтамасыз етеді. Мұндай әйелзатының ұрпақтарның ащыға құмарлығы және сол жақтан келетін теріс ақпаратарды көбірек қабылдайды. Сонымен бірге тойымсыздық, сұғанақтық мінез қалыптасады.»
    63. «Дәретсіз, шариғат қағидаларын сақтамайтын, жаман әдеттері бар (шылым шегіу т,б) еркектер қолынан қандай зиянды қуаттар пайда болып, ағзаға теріс әсер береді? Жауап; «Еркек қолынан уланудан көкірекке, өкпеге, ұйқы безіне және іш құрлысқа зиянды ауру қоздырғыштары түседі.Және мұндай уланудан кіндіктестер біріне-бірі құмартады немесе өшігеді. Туысқандық қандастық бұзылады. Тек азаяды, азады да құмарпазадық әдет пайда болады. Қан тамырлары ащы суға ғана толып, өзге нәр іздей бастайды.»
    Латын харпіне ауысудан болшақ ұрпақтарды не күтіп тұр?
    Біріншіден: Бұл әрекетке барқан ғалымдарымыздың 3-ұйықтап түс көре алмайтын ділі азып, тек өз атғын қалайда тарихат қалдырмақ болған, қазақтыңда ұлтық шевонизмдік мінезі бар екнін көрнісі.
    Екіншіден: Мұндай діннің ең қауыпті де және қоғалуға тиісті Құдайдың ғана ұлықсатымен болтын, арнаулы уахимен, елшілік қасиетпен ғана атқарылатын істі тексеріп Құдайдан сұрап, халыққа дұрыс бағдар бертін дін исламда хазіретте, дін ғалымым да жоқтығын Ханифи масхабының тура жол деген жалған өтірік пәтуасын әшекере қылып тұрғаны да хақ.
    Үшіншіден: Қазақ сөз ғылымнында филосфофиялық даналық түгіл, логикалық жан тану білімнің де жоғалып, ұлтың ұйытқсы ұрпақтардың саулығы, санның жетістігін ашықтайтын діл білімнің мүлде жоқтығын, ел билеушілерінің де сауатсыздығын ашық білдіріп тұр.
    Төртіншіден: Қазақ ғалымдарының, сантау, сұрыптау, сарлау арқылы әрбір рухани өзгерістерді жүелеп тексеретін білім арқылы ортақ пәтуға шақыратын зертеу инистутының, және тіл білімнің ғылымның да мешеулігін білдіреді.
    Бесіншіден: Ел билеушілері мен білім басындағы басқарушы жүйедегі шамалы ғана пенделердің өздерін халықтан ақылыды санап, халықтың назына қалмау үшін, ел ішінен Құдайдың көрсетуімен, ел билігіне айтылған датына, Құдайдың оларға салатын сынағына құлақ асатын, ата-дәстүрімізді тәрк етіп, өздерін жалған тәңірге, Құдайға айналдарып алғанын, дінсіздіктерін айқын білдіреді.
    Алтыншыдан; Біздердің рухпен байланыста болып, тіл білімін меңгеру барысында тікелей Раббымыздан сұрап, латын харпіне ауысудан; «Алтаудың арзыдығын туындатады», яғни рухтың жетлмей, ділдің азуын мен жан қуатының жетілмеуіне сепші болады, деген үкіміне ашық қарсылық білдіріп, өздерін де, ұрпақтарын да Құдайдың ажалына, сынағына байлап бергенімен қоймай, елімізге түскен сынақтарды одан да әрі күрделендіріп, ауырлатуға, шайтанға жәрдемге тұрып, шайтан жамағатарына айналғанын білдіреді.
    Жетіншіден; Латын харпін пайдаланушы елдердің үндік қуаты жетіспей, замандық тербелістерді қамти алмағандықтан, көк жолдарына жалпы халық болып жалғана алмай, ілімдік 70- тіл білімінің, имандық қуатының мүлде тоқтаумен, халқы жапай семіздікке және жүрек аурулары мен қаны азып, түрлі ми құрты сияқты жаман аурулардың да сол елдерден бастау алатына да харпінің, тілдің де әсері болып жатқанын қаперге алмай, қазақтың да; «Алтауы араздастырып, аудағы дәм несібесін кетіріп» әсіресе нәзік жандылардың жапай семіздік дерті мен жүрек, өңеш ауруларына ұшырап, өмірге кеміс ұрпақтар әкеліп, немесе мүлде бала туу қабілетінің жоғалуына арналған ұлтық болмысымызға әдейі қастандық жасап, ел басшымыздың да тарихта мүлде масқара болуына ұйымдастырылап жатақан тікелей ібілістің қақпаны десек те қате емес!
    Сегізіншіден; Дін мен тіл біртұтас болып, дамуы да үндік жетіліу мен таңбаға тәуелді. Аталарымыз; ««Тілеуің бірі от, бірі су, Сөйледің екі түрлі тілінде адам. «Тілі екеудің діні екеу» деген сөз бар. Аңдамай бұзып алма діліңді адам» деген нахыл қалдырып, адамзатқа екі түрлі тілдің берліп, ана тілі су тілі, рухтың тілі от тілі болып ескептелетінін ескертіпті. Сондықтан біздердің 70-жыл ішінде кер жазуы үндік, таңбалық сипатымен ділімізді жетілдіріп, енді мейлі қанадай жағдайда да су тілі, яғни ана тілі болып, ал латын тілі біздер үшін қашанан от тілі болып, латын харпін пайдаланған 20-40-шы жылдары, қазақтың ділі де діні де рухани жетімсіздікке, жұтауға, өлімге де ұшыраған, отқа оранған жылдары болып та саналады.Латын харпінен қуатылығы әлде қайда жоғары парсылар харпінен, үнінен де сақтануды аталарымыз; «Қызылбастан қыз алсаң, үн жоғалар, ұн жоғалса көкіректен сөз жоғалар» денген нақылмен, қысқа үнді харіптен де көпрген қазақтың ұзын сөзі жоғалып, орнын түріктер сияқты; Бұрау, қатайту, салу, қысу деген ұғымдарды «Қыс!», ал ажырату, босату, – деген ұғымдарды «Сөк!» деген қысқа сөздермен жастардың алмастырып алуы да хақ.
    Тоғызыншыдан; Айта-айта жауыр болғанымен, елмізде өз уақытын тосып жатқан, көптеген рухани мұрағаттардың, пайғамбарлар, яғни жағалы бабалар зияратарынан табылатын жәдігерлермен Шыңғысқан бабамыздың тықтырап жауып тастаған, Отырар кітапханасының құлпын ашатын да күн болады. Сол уақытта кер жазуының тарихы да ашылып, көптеген мұрағаттар, кітап шежірелер осы таңбамен жазылып, әлем алдында қайта өз таңбамызды қорғаумен, бұл ғалымдарымыз бен ел билігіндегілердің болшақ ұрпақтармыз алдында да, әлем алдында да масқара болу қаупі де бар.
    Латын харпін ауысуға негізгі келтірген дәлелдер. Ел басшымызбен, ұлтшыл (ділін толық меңгерген ұлтжанды емес) басшыларымыздың егемендік алып, қазақтың рухын орыстан үстем қылымыз деген ұраншылдық, мақтаншылдық әдетімізбен көптеген ел азаматарымыз бен жастарымыздың «ОВ», «ОВА» ,«ЕВА» дегендей болашақ есім арқылы сұрыптау біліміне де қарсы тұрып, адасушылыққа дәстүрлі үлкеннің атын атамайтын әдемізді ту талқай етіп, ендігі жалаңаш, азған дінсіз қатының да аты, әулиемен, ақиреттік болған атасымен қоса аталуына себеп болды. Және қазақ керемет, жаңашыл ел деген, өзгелердің мақтағанына, қабырғалары сөгіліп, қарға құсап «қарқ» етіп, ілімсіз, құдайдың көрсеткен, ескерткен белгілерін, қарапайым кітап берілген дін-дәстүрімізден ажырағандықтан, ендгі үш ұйықтаса да түс те көре алмаса да, европалық білімділіктеріне, қызылбастық ілімділіктеріне қаралай мас болған, ел басшыларымыз енді бүйректен, сирақ шығарып, құдайдың ұлықсаты мен аманатына, халықтың рухани құндылығын да, қолмен түземек болып, қайта латын харпіне көшу керек дегенге басты дәлелдері әлемдік ғылымды тез меңгеру болды. Бұл тұрғыда пайғамбарымыздың өсиетіне; «Ғылымды Қытайдан болса да үйреніңдер» деген астарлы насихаты, Қытай елінен асқан, барлық жартылыс себептерінің тілін білетін, ғылымды елдің болмайтынын, және ғылымның атасы; «Медтина» болып, европаның осы уақыта қытай дәстүрлі емшілігін жапай үйреніп жатқаны да, қаперге алмай, пайғамбарымызды жалғаншыға айналдырдық. Қытайдың сызбалы, сүгірет салу таңбасы арқасында латын елдерінің 200-жыл жүрген білім жолын, 20-ақ жылда өткенін неге мойындамаймыз? Латын таңбасының жетілген елі болған, Америка құрлығындағы елдердің де қытай өркениетінен қауіп төніп тұрғанын ашық мойындап отырғанын да, саясатшылар білу керек еді. Ал енді компюьтер тіліне келсек, Қытай елі бәрібір алға шығып, ең көп тұтынушы ел және кер жазуынан да күрделі таңбаларын қалай «компютер» тіліне айналдырып алды? Және сол латын елдерінің бәрін, бізден де төмен таңбалы кер жазуымен-ақ 50-60 жылда-ақ қуып жетіп, өздерінен де қару жарақ жасау өнерінен үстем бола білген орыстардың, әтең аздыратын арағы болмаса, әлде қайда әлемнің білімде көш басшысына айнала алтынын неге мойындамаймыз? Және, өз елімізде де барлық европалық қысқа сөзді, қысқа үнді пайдалану арқылы семіздік ауруына ұшыраған пенделердің, біріншіден ана тілін жетік білмейтін 9-әріпті толық пайдаланбайтындар, екінішісі арам жейтіндер, үшіншіден ата баба салт-дәстүрі, аруақ білімнен бас тартқандар арасында ғана көп кездесетін себебін неге зертемейміз? Семіздіктің дертінің француз, неміс сияқты таңбалы елдерінде емес, неге латын таңбалы елде індетке айналғанын зертеп көрмедік? Ең қарапайым түрі, көрші өзбек елінің, латын тілін жетік меңгерген әйелдері арасында жүрек, өңеш ауруларының артып, көз аурулары да пайда болғанын неге зертеп, саластырып көрмеске? Елімзде бұл салада; сараптау, сұрыптау және сантау арқылы зерделеу инистутын ашып, еліміздің ерікті жастарын таңдап алып, 100-не латын, 100-не кер жазумен білім беріп, 1-жыл ішінде қанын, рухани жетістіктерін, денсаулықтары мен бірге философиялық, логикалық дәрежелерін салыстырып неге зеретеп көрмейміз. Ал, енді құдайдан «Менделеев кестесін» кер таңбасымен белгіленсе, ғылымда үлкен даму болатын ескерткен уахи болғанын да білген жөн. Сол уақыттарда әлемде де латын харпінің маңызы мүлде төмендеп, ғылымда «крилица» таңбасының абыройы асқақтауымен, өзіміздің төл таңбамыз болған кер жазуына қазақ халқының, қайта жылап көріскенен кімге пайда? Және әрбір орыс ұлты өкілінің қазақтың 9-харпін пайдаланып, қазақша сөйлегендердің жүрек ауруынан жазылып, қаны тазартынын да себебі неліктен? Кер таңбасы, Османдық түркілердің, оның ішінде қазақ ұлтының өз төл таңбасы екені, осы 9-таңба әшкере қылып тұрғанын, неге мойындап, өзге елдерді де мойындатпасқа? Және Құранның 7-үнінің кер таңбасы арқылы көптеген құпиясы ашылғанын, Халифа Алтай құран аудармасын, осы аударма арқылы тек орыс халқына қайта аударғанның өзінде, қазақ үнінің үстемдігі де, кер жазуының маңызы да дәлелденетінін хақ! Ал ілімнің де маңызы артып, құранның «ман»-дық 7- үнінің аруақтық-7 қуатпен дәрежеленумен көрнісін беретін, 49-таңбасын меңгеру арқылы ғана ұлт санасының, қандағы 11-жұлдыздық белгінің тазаруына, жоғарығы дәрежесіне жетуге болатыны білген болшақ ұрпақтарымыздың алдында, таңба, әлде де таңбарды жетілдірудің орнына, керісінше үндік несібесін қысқартып, ұлтық ділдің даму өрісін тарылтып, зұлымдыққа түсіргеніне кімдер жауап береді?
    Сонымен енді бұл сынақ немен аяқталады? Әрине бұл шараны ұйымдастырушыларға ескерту сынақтар мен, оған да мойындағысы келмесе, онда ажал құшып, тағы да көптеген енді ғылым жолындағы, ел билігіндегі ағайындарымызға да қауіп төніп, жуық арда кейбіреулерінің жаназасына барып қалуымыз да ғажап емес. Тек бұл арда үш күн ұйықтаса да түс көріп, шешімін таба алмай жүрген, осындай аруағына қарсы заңдарға қол қойғанан, ата-анасынан ділімен алған кітабын түсіріп, және ескі иманы, тағдырлық «екі сөзі» арқылы жалғанып, құдайдан түскен жібін үзіп алған,өзге елдерден қалайда үстем болмыз деген ниетпен, уәзірлерінің мақтандық, жағымпаздықтарының рухани құдығына түсіп кеткен ел басшыға да сынақ түсіп кетпесе екен деп қана тілейік! Асуда ат ауыстырып, жамандардың ердің артқы «Қа»-сын сұрағандардан сақтанайық ағайындар! Бұртұтас адамдар қауымы болған, өлілердің де назына қалмаңыздар! Бұл біздердің, тылсым аманатарын жеткізуде, өз міндеттермізден құтылу ғана болып, ал Раббымыздың ескертуі әрбір жүректегі көзі барларға, сұрағанға берілетін тағы да ұмытпаңыздар ағайын! Құдайдан аман тұғандарыңызда, бұқара халық жабылып лағнет айтпай тұрғанда, бұл тақырыпты мүлде жылы жауып, құр ілімдегі сезіммен, білімдегі түйсіктің жетегіне ермей, ортасына таза ақылға келіп дауласақта жауласпайық жамағаттар! (Қаңтар айы2013 жыл)

  7. басқа жерлерімен келіспесемде осы жерде сосын Анкарадағы сөйлеген сөзін қолдаймын,сол бағытпен жүрсе істеген,айтқан сөздерін кешіремін

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз