МАРҒАСҚА МАРҒҰЛАН "АҚ ЖОЛДЫ" ТАҢДАДЫ
2020 ж. 29 қараша
3761
0
Ұлтшыл қайраткер Марғұлан Боранбай ұлт мүддесін қорғап жүрген "Ақ жол" партиясына кірді. Мүшелік билетті Алматыда "Ақ жол" партиясы төрағасы Азат Перуашев тапсырды.
Алаш жолын ұстанған "Ақ жол" партиясы жердің сатылуына да, жалға берілуіне де қарсы шығып келеді. Ал Қазақстан азаматы болуы үшін Қазақ тілін білуді және Мемлекеттіктіл туралы заң қабылдауды талап етіп отырған жалғыз партия.
Биыл Үкімет сайтында «Қазақстандағы шетелдік компаниялар сол өздері орналасқан жерге ие бола алады» деген заң жобасы жариялана салысымен «Ақ жол» партиясы төрағасы Азат Перуашев дабыл қақты. Бұны барлық қоғамдық ұйымдар қызу қолдап, ақырында Үкімет сайтынан заң жобасын алып тастауға мәжбүр болды. Бұл туралы сол кезде белгілі қоғам қайраткері, қазір ұлттық мүддені қорғап, сепаратизмге қарсы шыққаны үшін теріс пиғылды қызыл коммунистердің жала жабуымен ісі тергеліп, үйқамақта жатқан Марғұлан Боранбай фейсбуктегі парақшасында «Ақ жолға» алғыс айтып жазды.
"Ақ жолды" таңдаған Марғұлан Боранбайға Ақ жол тілейміз!
Қазыбек Иса,
Қазақ үні