Латың әліпбиінде А.Байтұрсынның “төте жазуын” басшылыққа алған дұрыс

 
Qurmetti Qazibek İsa, keremet bolgan eken. Biraq bir eki qatelik bar. Tuzetsender odan ari tamaşa bolganday.Аршат Оразов баурымыздың ғаламторда кириллицада жазылған қазақша мәтіндерді түркі халықтарына арналған 34 әріптік таңба негізінде латынға аударатын жақсы бағдарлама жасапты. Үлкен рахмет. Тәжірибе етіп көрдім. Бір неше түзетулер кіргізілсе өте тамаша бағдарлама болғандай екен. Қараңыз: http://www.kereknews.kz/translit.htmlБіріншіден: Бару, келу деген сөздердің соңындағы “у” әрпі латын болғанда “–üv, -uv”түрінде келсе жақсы болады. Сонда ол baru, kelü емес, baruv, kelüv түрінде жазылуға тиіс.Екіншіден: Қазақта “і” және “и” деген екі әріп бар. Мұның екеуін де латын әріптерінде бір қана “і” әрпімен жазған дұрыс болмайды. Сондықтан “і” деген әріпті “і” мен, ал “и” деген әріпті “iy” деп екі әріппен жазса дәл келеді. Мисалы; сенің, мәтін, иман, мисалы сөздерін seniñ, mätin, iyman, miysalı dep jazğan durıs. Ал “и” әрпі орыс тіліндегі бір мәтінде латынға аударғанда “і” болып келетінін ескерген жөн. Мәселен орыстын “книга” деген сөзін латынға аударғанда “kniyga”түрінде емес, “kniga” түрінде аударған дұрыс. Бұған абай болу керек. Демек “и” әрпінің латын әріптеріндегі баламасы орыс және қазақ тілінде екі бөлек. Бұған таң қалмау керек, өйткені орыс тілімен қазақ тілі екі бөлек тіл. Өкіншке орай осыны ескермейміз де, әр қашан орыс тілінің латын баламасын қазақ тіліне сол қалпында орындай саламыз. Ол келіп жатыр ма, келмей жатыр ма, ойлап жатқан кім бар? Үшіншіден: Сол секілді “у” әрпін өкінішке орай орыс алфавитінің әсерінен бүкіл қазақ жұрты тәуелсіздіктен бері қате қолданып келеді. Орыс тіліндегі “у” мен қазақ тіліндегі “у”әріптерінің фонетикалық тұрғыдан екі басқа дыбысталатыны ескерілмейді. Сондықтан олардың латын әріптік баламаларының екі бөлек екенін ешкім аңғармайды. Негізінде орыс алфавитіндегі “у” әрпіне қазақтың кириллицасында “ұ” әрпіне дөп келеді. Ал біздің қазақтың “у” әрпінін латындағы баламасы кей кездерде “v” әрпі, кей кездерде жоғарыда аталып өткендей “uv, üv”. Мәселен “уақыт” дегенді, қазірге дейін жазылып келгендей “uaqıt” деп емес, “vaqıt”деп жазылса болады. Сол секілді “тәуелсіздік” сөзін латын әріптерімен “täuelsizdik” деп емес “tävelsizdik” деп жазылса дұрыс. Сондықтан “у” әрпіне абайлау керек. Ол дауыссыз дыбыстардан кейін келетін болса, “uv, üv” түрінде, ал сөздің басында және артынан дауысты дыбыс келетін болса онда “v” деп жазылады. Енді мұны компұтерлік аударма бағдарламаларына кіргізу бір шама шеберлік қажет етеді. Оны да Аршат Оразов баурым жасайды деп ойлаймын. Бұл кезінде, атап айтқанда 1940 жылы қазақ тілінің кириллица алфавиті жасалғанда алфавиттің күрделендіріліп жіберілуінден туындаған жағдай. Сондықтан менің ойымша, қазақтың латын алфавиті жасалғанда негізге қазақтың кириллица алфавиті емес, ұлы тіл ғалымы Ахмет Байтұрсынның жасаған арап әріптері негізіндегі “төте әріп” жүйесін басшылыққа алған дұрыс. Сонда ғана алфавитіміз орыс әріптерінің әсер ықпалынан құтылып оңды өзгерістер жасалына алынады. Төртінші: “Х” деген әріптің латында баламасы жоқ. Мұны Ахмет Байтұрсын өзінің төте әріптерінде “қ” әрпімен берген яғни “халық” деген сөз онда “қалық” деп жазылған. Сондықтан Аршатовтың латын баламасында “х” әрпі үшін “h” әрпі орнына “q" әрпін алғаны және “halıq” орнына “qalıq” деп жазғаны дұрыс. Немесе егер тіл ғалымдары “қ”мен “х” арасында фонетикалық айырмашылықтар бар, сақтау керек десе, онда сол “х”әрпі үшін латындағы “х” әрпін пайдалануға болады. Онда “халық” деген сөз латын баламасында “xalıq” деп жазылады. Бесінші Аршаттың аударма бағдарламасында орыстың “ц” әрпі үшін латында “c" әрпі қолданылған екен. Менің ойымша, “ц” әрпі үшін әріп белгілеудің қажеті жоқ. Ол орыс тіліне ғана керекті әріп. Ол бүкіл дүниеде “ts” деп екі  әріппен жазылып жатыр. Сонда“кириллица” деген сөз “kіrіllіcа” деп емес “kіrіllіtsа” деп жазылу керек. Өйткені “c"деген әріп латын әріп жүйесінде басқаша дыбысталып оқылады. Алтыншы Аршаттың аударма бағдарламасында “ұ” әрпі үшін “ŭ” әрпін қолданған екен. 34 әріптік түркі әліпбиінде “u” деген әріп бар сол жеткілікті. Һәм бұл әріп латын әріп жүйесінде “ŭ” әрпіне қарағанда кең қолданыс тапқан әріп. Сондықтан “мұсылман” деген сөзді латында “mŭsılman” деп емес “musılman” деп жазған дұрыс. Осындай жағдайларға назар салса, Аршат Оразовтың аударма бағдарламасы өте тамаша болғандай! Рахмет Аршатқа. Сөз соңында бұл әріптер жайында Азаттық радйосында істеген Түркиялық азаматтардың тәжрибесі мол екенін естеріңізге сала кетейін. Олар Қасен Оралтай басшылығында 1988-1995 жылдары арасында осы 34 әріптік латын таңбаларын қазақ тілі үшін қолданды. Солардың бірі меңмін. Бұл әріп жүйесі қазақ тіліне дәлме дәл келеді. Басқаша сөзбен айтқанда түркологтардан бұрын (түркологтар алғаш рет 1991 жылы түркі дүниесі үшін осы 34 әріптік латын таңбаларын ұсынған еді) осы әріптерді Азаттық радйосының қызметкерлері тапқан және іс жүзінде қолданған еді. Екінші айтарым, кей зиялы қауым Қазақстанда орыс тілін де латында көшірейік деп ұсыныс айтып жатыр. Бұл өте орынсыз. Орыстың төл алфавиті кириллица. Оны өзгертуге ешкімнің хақысы жоқ. Ол Ресейдің мәселесі. Орыс халқы мейлі Қазақстан, мейлі басқа елде болсын, қай әріпті пайдаланса өз еркі. Оған араласуға ешкімнің хақы жоқ. Мәселен ағылшын тілі латын әріптерімен жазылады. Бүгінге дейін ресми алфавиті кириллица болған Қазақстанда ағылшын тілі кириллицамен жазылып отыр ма? Жоқ. Немістер Қазақстанда қаншама жылдан бері өмір сүріп келе жатыр. Олар да немістің ұлттық латын алфавитін пайдаланып келеді. Сондықтан латын алфавиті елді екіге бөледі, орыс тілін де латынға көшіру керек деген ұсыныстардың ешбір қисыны жоқ. Қазақстанда латын алфавитіне өзгеріс тек қазақ тіліне қана болуға тиіс және әлемнің түрлі елдерінде сүріп жатқан дүниежүзі қазақтары да оны қолданатын болады. Әбулақап ҚАРА Түркия