Рудный әкімі: Жалақым 390 мың теңгеден сәл асады

0
174

Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі Қуандық Испергенов өзінің бұл қызметтегі жалақысының мөлшерін айтты, – деп хабарлайды «Қазақ үні» тілшісі.

«Мені Рудный қаласы әкімі лауазымына тағайындағаннан бері парақшама қызығушылық білдіріп жүргендеріңіз үшін рақмет! Менің жекеме көптеген хат келіп түсуде. Көптеген адам менің жалақым мен отбасымның тұрғылықты жеріне қызығушылық танытады. Бұған дейін хабарлағанымдай, өз отбасымды Рудный қаласына көшірдім және біз 20-шағынауданда тұрамыз. Менің жалақым міндетті аударымдардан кейін 390 мың теңгеден сәл асады», – деп жазды әкім Instagram желісінде.

Сонымен қатар, ол қаладағы тәртіп пен тазалық мәселесін де сөз етті.

«Бірақ бүгін мен сіздермен тәртіп пен тазалық мәдениеті туралы сөйлескім келіп отыр. Көппәтерлі үйде тұрғандықтан, қоқыс полигондары туралы білемін. Таңертең және кешке маған жақын маңдағы аулаларды аралап жүріп, қоқыс жәшіктері бос, ал оған жақын жерде қоқыс үйінділері жатқанына таңғаламын. Әрине, кез келген мекемені кінәлау оңай, бірақ менің ойымша, әр тұрғын өзінен және отбасынан бастауы керек. Егер балалар қоқыстарды контейнерге жеткізбесе, онда оны сіз үйде үйретіңіз. Мен ешқандай жағдайда қызмет көрсететін мекемелерден, әкімдіктен, ПИК-тен және т.б. жауапкершілікті алып тастамаймын, бірақ жосықсыз азаматтарды жауапкершілікке тартқым келеді. Себебі, сіздер өздеріңіз жиі жазатындай, тазалық қоқыстан тазаланған жерде емес, қоқыс тасталмаған жерде», – деп жазды Испергенов.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз