Қырғыз еліндегі жағдайдың конституциялық жолға қайтқаны қуантады - Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Қырғызстандағы ахуалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Қазақ үні".

«Президент С.Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдаймын. Қазақстан үшін Қырғызстандағы тұрақтылық стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде маңызды.

Бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға қайтқаны қуантады. Біз барлық саяси күштерді қақтығыстардың алғашқы сәтінен ақ сабырға шақырдық», - деді Мемлекет басшысы.