Азат Перуашев: Аңқаулық - ұрлыққа желеу
2020 ж. 12 қыркүйек
1065
0
Сыртқы қарыздарды теориялық тұрғыда «бөлу» өзін-өзі алдау мен қарыз шұңқырына өз еркімен бату
6 қыркүйекте «Өзгерістер қажет» сұхбатымда айтылған Қазақстанның сыртқы берешегі туралы менің пікірлерім мен Ұлттық экономика министрлігінің түсініктемелеріне әлеуметтік желіде қызу жүрген пікірталастарға байланысты жауап бергенді жөн санаймын.
Ұлттық экономика министрлігі жалпы сыртқы қарыз сомасын мемлекеттің қарызы мемлекеттік квази сектор берешегі және жеке сектордың сыртқы қарызы деп бөлу қажеттігін айтады. Сыртқы қарыздардың талдауын жасаған оның вице-министрі фирмалар арасындағы сыртқы қарызды (жеке кәсіпорындардың сыртқы қарызын) «алып тастау» керектігін айтып: «Сыртқы қарыз – ел тұрғындарына артылатын жүк емес»- деп мәлімдеді. Иә, сыртқы қарыз методологиялық тұрғыда аталған түрлерге бөлінеді, оны түсінуге болады. Мен өзімнің сұхбатымда «квазисектор мемлекеттен гөрі шетелден екі есе көп қарыз артық алғанын» атап көрсеткен болатынмын. Бірақ берешектерді осылай бөлу тек теориялық тұрғыда ғана.Ал, нақты іске келгенде сыртқы берешектерді бұлай қатаң бөлуге болмайды. Өйткені, барлық сыртқы қарыз түрлері бір-бірімен өте тығыз байланысты және бірі-біріне тәуелді. Әлбетте, қарыз елдің экономикасына ықпал етеді.
Халықаралық инвесторлар Талдықорған қаласындағы қайдағы бір шұжық цехының немесе Орал қаласындағы тігін шеберханасының бағалы қағаздарын сатып алады деп ойлайсыз ба? Әрине жоқ, жалпы сыртқы қарыздар нарығына отандық жеке бизнестің, оның ішінде не өндіруші компаниялардың, не банктер және ірі қаржы ұйымдардың құнды қағаз эмитенттері ғана тіркеледі. Осылар қазіргі жеке кәсіпорындардың сыртқы қарызының барлық 100 пайызын болмаса да 99 пайызын құрайды.
Енді осы кәсіпорындардың кіріс көздеріне мұқият қарасақ, олар Қазақстанның мұнай-газ бен кен өндіруші кәсіпорындар не Ұлттық банк ноталары бойынша несиелік төлемдер мен екінші деңгейлі банктердің депозитіндегі қаражаттар.
Дәл осы активтер жеке компаниялардың сыртқы қарызын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Шикізат қорлары туралы еліміздің заңына сәйкес жер қойнауы мемлекетке тиісті, ал мемлекеттік биліктің бастауы - Қазақстан халқы. Жеке сектордың шетелдік несиелерін қамтамасыз ету көзі - Қазақстан халқына тиісті активтер, ол әрбір азаматқа тиісті, оның ішінде қариялар мен әлі келешек ұрпақтың да игілігінде болуы керек.
Енді екінші деңгейлі банктердің сыртқы қарыздары туралы. Банктің несие төлеушілері, депозиттердің салымшылары болып отандық кәсіпкерлер (оның ішінде шағын және орта бизнес) мен ҚР азаматтары (ипотека алғандар, тұтыну несиелерін алушылар және тағы басқа да несие алушылар); Ұлттық банк ноталары бойынша ЕДБ кірісінің көзі – мемлекет; банктердің кірісі кәсіпорындар мен азаматтардың валюталық операцияларынан түседі, әсіресе, ақшаның құбылмалалығы кезінде де банктер пайда табады. Сонымен бұл жерде де жеке банктердің қарызын қайтарушылары - елдің ұлттық экономикасы және азаматтары. БТА - банк банкротқа ұшыраған кезде, оның сыртқықарызын мемлекет жапты.
Бұл Қазақстанның тәуелсіз рейтингін сақтау үшін жасалды. Өйткені жеке қарыз алушыдан алған қарыздық міндеттің орындалмауы ретингтің төмендеуіне және елдің қалған несие алушылары үшін несие құнының шұғыл өсуіне (елдердің тәуекеліне қарай) соқтыратын еді. Сыртқы қарыздарды теориялық тұрғыда «бөлу» өзін-өзі алдау мен қарыз шұңқырына өз еркімен батуға құрылған. Иә, «паспорты» бойынша олар әртүрлі құжаттар, бірақ белгілі анекдоттағыдай паспортына емес, тұмсығынан соғады емес пе. Біздің жағдайда әрбір қазақстандық қалтасынан қағылатыны анық.
Сондықтан да, құрметті достар, «бізде бәрі керемет, сүйкімді маркиза» деп жатса, қызыл сөзге алданып, сандардың сиқырына сеніп қалмаңыздар! Өз ақшаңызды санап жүріңіз.Азат ПЕРУАШЕВ,
"Ақ жол" партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты
Қазақ үні