Мәжілістегі үш депутаттың өкілеттігі тоқтатылды
2020 ж. 02 қыркүйек
1861
2

Сенат төрағасының орынбасары болып тағайындалуына байланысты Нұрлан Әбдіров Мәжіліс депутаты лауазымынан босатылды, деп хабарлайды "Қазақ үні".
28 тамызда мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Әбдіров ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған. 1 қыркүйекте оны Сенат спикерінің орынбасары етіп тағайындаған.
Сонымен қатар, Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалуына байланысты Айзада Құрманова депутат лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ, депутат Нұрлан Дулатбековтің өкілеттігі де тоқтатылды. Ол Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды.