Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды – Тоқаев

1
463

Бірақ, Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы барысында осылай деді.

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Тағы бір маңызды мәселе – келер жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша, Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Бірақ, Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Аграрлық секторға инвестиция тарту ауадай қажет. Кәсіби мамандардың тапшылығы, сондай-ақ аграрлық ғылымның ойдағыдай дамымауы бұл саладағы қордаланған мәселелер. Осы бағытта атқарушы билік тарапынан нақты шаралар қабылдануы керек, – деді Мемлекет басшысы.

Президент сонымен қатар, технологиялық тұрғыдан ескірген суару жүйесі үлкен кедергі келтіріп отырғанын айтты.

Судың 40%-ы далаға кетіп жататын кездері болады. Онсыз да су тапшылығының зардабын тартып отырған еліміз бұған жол бере алмайды. Осы саланың нормативтік-құқықтық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз етіп, заманауи технологиялар мен инновацияны енгізу үшін экономикалық фнталандыру шараларын әзірлеу қажет, – деді ол.

1 Пікір

  1. Жақсы қадам деп ойлаймын.Іске аспайтын монотонды қайталаулардан жалықты халық.Штаттық тізімде отырып, түк бітірмейтіндерді қысқартып, қаражатты пайдалы іске жұмсау керек.Бекер мал шашпақтан, жүйесіздіктен іс алға баспай, ел экономикасы зардап шегіп жатыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз