Шпекбаев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
2020 ж. 18 тамыз
1214
0
Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Нұртөлеуұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Р.Шпекбаев1968 жылы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысында туған. Одесса жоғары артиллериялық командалық училищесін (1989); Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жоғары артиллериялық университетін (2003); Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының жоғары академиясын (2011) аяқтады. Взвод командирінен бастап ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасарына дейінгі офицерлік құрамның лауазымдарында әскери қызмет атқарды.
1989 жылдың шілде айынан взвод командирі, батарея командирі, дивизион командирі лауазымдарында қызмет өткерді.
1994 жыллдың қазанынан 1995 жылғы қараша аралығында ГФР Бундесвер артиллериялық мектебінде білім алды және әскери практикадан өтті.
1996 жылғы ақпаннан бастап штаб бастығы – армиялық корпус артиллериялық полктің командирі қызметін атқарды. 1997 жылдың желтоқсанынан мотоатқыш дивизиясы артиллериялық полкінің командирі қызметін атқарды.
2003 жылғы тамыздан бастап дивизия командирінің орынбасары – механикаландырылған дивизия зымыран әскерлері және артиллерия басқармасы бөлімшесінің бастығы қызметін атқарды.
2004 жылдың қараша айынан өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының орынбасары – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы әскер тегінің зымыран әскерлері және артиллерия бастығы қызметін атқарды.
2011 жылдың шілдесінен Ұлттық қорғаныс университеті әскери және мемлекеттік басқару факультеті жедел өнер кафедрасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2012 жылдың қыркүйегінен ҚР ҚК Бас штабы Стратегиялық жоспарлау департаменті бастығының орынбасары - басқарма бастығы қызметін атқарды.
2013 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР ҚК Бас штабы Стратегиялық жоспарлау департаментінің бастығы лауазымында қызмет етті.
2017 жылғы тамыздан соңғы тағайындауға дейін ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабы бастығының бірінші орынбасары болды. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.