Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
2020 ж. 18 тамыз
1144
0
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды "Қазақ үні" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Президентіне министрлік жұмысының қорытындылары, сондай-ақ, оның қызметін одан әрі дамыту туралы ақпарат берілді.
Кездесуде ақпараттық саясат және азаматтық қоғам мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда Аида Балаева отандық Бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік бастамаларын қолдау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жайында баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Президент министрлік алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.