Руза Президентіміздің тапсырмасын орындағаны үшін жазықты ма?

6
1157

Әлде, Керекуде Руза мен қазақ тілін қорғайтын еркеккіндік  қалмаған ба?

 Қашан көрсең, Керекуде мемлекеттік тілдің өлімші халімен арпалысып жүретін мемлекеттік мекемелер емес… жалғыз осы Руза Бейсенбайтегі. Үнемі оған араша түсетін Алматыдағы «Қазақ үні» газеті бастаған санаулы қазақ басылымдары мен сайттары. Сонда  облыстағы қазақ тілінің, ұлт мүддесінің жанашыры деп үміттеніп  жүрген  Ерлан Арын бастаған әкімдердің, мемлекеттік мекеме басшылары, қоғам қайраткерлері мен қаламгерлері бар, қазақ тіліне қаны қызатын бір еркеккіндік қалмаған ба? Сонда Руза Бейсенбайтегі Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деген тапсырмасын  орындағаны үшін жазықты ма? Сонда Павлодарлық мемлекеттік мекемелер үшін Конституция мен Елбасының ерекше екпін беріп айтқан сөзі жай айтыла салған кезекті сөз болып тұр ғой.

Рузаны мемлекеттік тілде, Тәуелсіз Қазақ елінде қазақ тілінде сөйлегені үшін қуып шыққандардың  («БІЗ ҚАЙ ЕЛДЕ ӨМІР СҮРІП ЖАТЫРМЫЗ? ӘЛІ РЕСЕЙДІҢ ОТАРЫМЫЗ БА?»  www.qazaquni.kz ) бір сөзінде билікке қарата айтылған ең басты шындық бар. Олар: «Мы не говорим по-казахский;  я понимаю, но обслуживать буду на  том языке, на каком мне удобно; вы сами виноваты, зачем пооткрывали русские школы, и нас туда отдавали; а теперь или говорите на русском, либо выходите отсюда. Языку с детсадов, со школ надо обучатся. Побольше бы садов на казахском, мы бы тоже детей отдавали»,-дейді.

Міне, Қазақ еліндегі қазақ тілінің өлімші халінің дәл диагнозы. Бұны кезінде ұлты орыс қоғам қайраткерлері де айтқан: Сендер, билік әдейі мемлекеттік тілді білуді мәжбүрлемей, бізді мемлекеттік тілді білу құқымыздан айырып отыр» деген олардың сөзі – ең басты кеселіміз, ұлттық қауіпке апара жатқан басты дертіміз.

Қазақстанда қазақша сөйлегенің үшін қуып шығады!?.  Бұндай бейшаралық әлемнің ешқандай Тәуелсіз елінде жоқ,  тарихта болмаған масқара! Бодандықтан құтылдық деп, бостан болған 22 жылда жеткен «жетістігіміз!»  

Меніңше, ел президентінен бастап, министрі , төрағасы, әкімі, депутаттары, хатшысы бар, жоғарыда аталған тұлғаларда Елбасымыз айтқандай патриоттық, мемлекетшілдік қасиеттерден (ең басты қасиет- ұлтшылдықты айтып, оларды шошытпай-ақ қояйық) тамшы болса да, қалған болса, Керекуде шырылдап жүрген Руза бастаған қоғам қайраткерлеріне, жалпы халыққа бір жауабын береді деп сенеміз.

Қазыбек ИСА

www.qazaquni.kz

6 ПІКІРЛЕР

  1. Дұрыс айтасыз, аура кәпір, отарлау иелерінде қалып отырғансоң… Бірақ соған мойынсұнып отыра берсек, мүлде өлі қазақ болмаймызба?

  2. Қазақша атауы әлі ресми тіркелмеген, қазақша аудармасы Павел силаған болып тұрған қаланың ұл-қызының көрген күні осы болғаны ма, осы өңірдің қазағы айқайлап шығып қаланың атауын Қимақ немесе Қыпшақ немесе Арғын немесе Ертіс қаласы деп өзгертетіне сенейік және қолдайық. қалаға қазақи рух келмей таяқ жеп жүргенің жүрген.

  3. Ермен теңегеніңіз үшін рахмет, Маке, бірақ сол Ерлер қай жақта өмір сүреді екен?))). Ойнап айтамынғой. Бізде де бар, Төлен Рамазанұлы, Амантай Тойшыбай, Қайырболат Нұрбаев, Нұрсилә Советқазы. Күрес тәсіліміз әркіміміздің әртүрлі. Менікі айналаммен тек өз тілімде өмір сүру, сондықтан күнделікті дерлік стресстер. Төленнің жазулармен, рәміздермен арпалысып жүргені (мен де арасында көңіл аударамын), Амантай мен Қайрболат, ештеңеден тайсалмайтын, батыл жігіттер! Советқазының да батыл өлеңдері, тағы басқа қасиеттері баршылық жігіт. Басқалары да бар шығар, әзірше білмедім. Мында сылап, сипап шу шығып кетпесінші, арты не болар екен деп отыратындарды, атап отырған жоқпын… Олар да, бірі газет шығарып, бірі дөңгелек сөлдерде тамаша сөздер сөйлеп, бәрібір қазаққылыққа ұпай түгесіп отырғой..

  4. Мына суретті көрсе, әкімдер шошып кететіні шындық! Бұл мықты психологиялық атака! Қаладағы қалыптасқан жағдайға облыстағы ең басты кінәлілер: Осыдан бірнеше жыл бұрын әкім болған нурпейсов па, нурсейтов па, қайрат деген өмірі қорқақтап, жалтақтап отырған әкім. Соның кезінде істеген, қазір де биліктің ішінде отырған болу керек, қазақ тілі деп үндеріңді шығарушы болмаңдар деп үнемі тұншықтырып отырған рысты жұмабекова деген орысқұл, обл. әкімінің осы саладағы орынбасары. Оның сара апамыздікі секілді, сүйіп тыңдайтын әндері де тек орыстікі болатын. Сосын тек орыс тілінде сайраған бұрынғы қала б.демеуов. Оның орынбасары, тілді білетін, бірақта қайда отырса да тек орыстілді ортаны қалыптастыратын, құлдық санадағы, қазір де отырған қанафина деген. Ақырғысы, қайргелді оразалинов. Ол кісінің құлдығы сонда, қазақ тіліне араша түсіп тұрсаң, бетіңе: «сен кім едің» деген кекесінмен қарап тұратыны. Ұлтынан, тілінен, былайша өзінен желкенгендер жұртқа да, бөтен елдің адамарына да желкенішті болатыны айдан анық…
    Екінші айтпағым, енді Ерлан Арын әкім, тақ үшін емес, елдің иесі қазақ үшін, тіл үшін, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін, тәуелсіздігі үшін барын салса, айтылғандардың ойрандарын біршама түзей алатыны анық.

  5. Руза Президентіміздің «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деген

    тапсырмасын

    орындағаны үшін жазықты ма?

    Әлде, Керекуде Рузаны қорғайтын еркеккіндік қалмаған ба?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз