Өзбек президенті басшылар ауруханаларды аралап жүру керектігін айтты
2020 ж. 16 шілде
1592
0
Бүгінде көрші мемлекетте вирусты жұқтырғандар саны қарқынды өсіп барады, хабарлайды «Хабар 24».
Мұнда бір күнде кемі 500 коронавирус дерегі тіркеледі. Осыған байланысты Өзбекстан мен Президенті Денсаулық сақтау министрі Ташкент әкіміне сөгіс жариялады. Шавкат Мирзиёев ел астанасында коронавирусқа қарсы жүріп жатқан жұмыстарды қатаң сынап, «шенеуніктерді өз міндеттеріне салғырт қарады», деп айыптады.
Оның айтуынша, тиісті органдар эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап жатқанын ескеріп, науқастарды емдеу әдісін уақытылы өзгертпеген. Қазіргі уақытта елдің бас қаласында тестілер мен қажетті дәрі-дәрмектер тапшылығы байқалады.
Ал, дәріханаларда вирусқа қарсы және қызуды басатын препараттардың бағасы негізсіз көтеріліп жатыр. Сонымен бірге жедел жәрдем бригадасын шақыру қиындай бастаған. Бір ғана Ташкентте соңғы үш күнде 43 адам медициналық көмек келгенше қайтыс болыпты.
- Біз карантин талаптарын жеңілдеткеннен эпидемиологиялық жағдай бақылаудан шығып отыр. Ел астанасы мен Ташкент облысындағы ахуал тым күрделі. Мұндағы тұрғындардың наразылығы көбейді. Олар ашуланатындай негіз бар. Жауапты органдардың басшылары ауруханаларды араламайды. Тиісінше, ондағы жағдайдан бейхабар. Егер аудан жетекшілері мен Ташкент әкімінің жауапкершіліктері жоғары болғанда, бұндай масқараға куә болмаушы едік, - деді Өзбекстан Республикасының президенті.