Қазақ қызы Францияда әкімнің орынбасары болды
2020 ж. 29 маусым
3544
1
Қазақ қызы Францияның Крейл (Kreil) қаласы әкімінің орынбасары болып сайланды, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі.
Бұл қыз атақты Зуқа батырдың шөбересі. Кезінде Зуқа батыр, Оспан батырлар бастаған Қазақтар Қытай фашистерімен соғысып, ақыры Тибет Гималай асып, Кашмир, Үндістан, Пәкістанды басып, Түркияға жеткен еді. Олардың ішінде Зуқа батырдың ұрпақтары болды, бұл күнде Европаның біраз мемлекеттерінде тұрады.
Бүгінгі, Францияның Крейл қаласы әкімінің орынбасары болған қарындасымыздың есімі Иесим Махмұтқызы. Ол Франция қазақтары қауымдастығының төреғасы, ұлтшыл Махмұт Савашұлы ағамыздың қызы. Ал анасы Қытай коммунистерімен шайқасып, қаза тапқан әйгілі Зуқа батырдың немересі Әмина апамыз- дейді "Атажұрт" ұйымының негізін салушы Қыдыралы Оразұлы.
Бүгінде Зуха батыр ұрпақтарынан Германияда тұратын ұлтшыл ағамыз Өмірхан Алтын, атақты кәсіпкер Темірхан ағамыз, Австрияда тұратын ұлтшыл Қызырхан ағамыз қатарлы небір мықты, сайдың тасындай азаматтар бар.