Тоқаев тағы бір маңызды заңға қол қойды
2020 ж. 26 маусым
2398
0
Мемлекет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Құжатта қоғамдық ұйым өкілдері тауар және қызмет сапасын қалай қадағалай алатыны жазылған:
- тауар (жұмыс, қызмет) сататын жерге бару;
- тауардың (жұмыс, қызмет) сынамалық сатып алу жасау;
- тауар (жұмыс, қызмет) сататын жерде Қазақстан заңнамасы аясында фото-, аудио-, видео түсілім жасау.
Қоғамдық бақылаудың қорытындысы тұтынушылар құқығын қорғаудың бірыңғай ақпарат жүйесінде көрсетіледі.
Ақпарат тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі.