Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавируске сынама тапсырып,ол оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы "Қазақ үні" хабарлайды. «Қазіргі кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзін-өзі оқшаулады. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы сынамасы оң нәтиже көрсетті. Алайда, алаңдауға негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда», - делінген Елбасының ресми сайтында. Сондай-ақ бұл туралы Twitter-дегі парақшасында Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды. Елбасының тезірек сауығып кетуін тілейміз.