Бизнеске араласпаудың орнына, неліктен мемлекеттік мекемелер құрылуда?
2020 ж. 28 мамыр
1069
0
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Р.Е Дәленовке
Құрметті Руслан Ерболатұлы!
Коронавирусқа қатысты жағдай қазақстандық бизнестің қызметіне айтарлықтай әсер етті. Ел экономикасын қалпына келтіру үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдануда. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 11 мамырдағы қорытынды мәжілісінде ел Президенті Қазақстан экономикасының өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін арттыру және оның жаңа құрылымын құру бойынша жаңа міндеттер қойды.
Экономиканың жаңа құрылымын құру, ең алдымен, кәсіпкерлікті жүзеге асырудағы мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді, ал басты міндет мемлекеттік бизнестің шекарасын анықтау болуы керек.
Кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысу мақсаты бизнес үшін жаңа тауашалар ашуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, олармен бәсекелес болмауға және өз кәсіпорындарына ақша табуға көмектесуі керек.
Бұған дейін коммуналдық тарифтер есебінен қызмет көрсететін энергетикалық коммуналдық компаниялар қызметі туралы депутаттық сауал жолдадық. Біз «Астанаэнергосервис» АҚ және «Астана ЭнергоСбыт Компания» ЖШС-і сынды астаналық кәсіпорындардың жойылуына қол жеткіздік.
Қала әкімдігінің осы кәсіпорындарды жою туралы шешімі аталған делдалдардың коммуналдық қызмет көрсету кезіндегі жұмыстары экономикалық тұрғыда тиімсіз екені көрсетті. Мемлекеттік энергияменжабдықтау ұйымдарының (ЭЖҰ) қызметі бәсеке нарығында Кәсіпкерлік кодекспен ескерілген шектелулердің бұзылуына, энергиямен жабдықтайтын жеке ұйымдардың банкротқа ұшырауына, мыңдаған жұмыскерлердің жұмыссыз қалуына және тарифтік бағалардың өсуіне әкеліп соқтырды.
Тағы бір мысал - «Астана ЕРЦ» ЖШС қызметі жайлы. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі қаулысымен аталмыш кәсіпорынға коммуналдық қызмет бойынша төлемақы квитанцияларын тарату құқығы берілген. Бұл Кәсіпкерлік Кодекске тікелей қайшы және бизнес субъектілерінің биллингтік қызметтерін астаналық нарыққа шығаруына кедергі болады.
«Астана ЕРЦ» ЖШС өзінің монополиялық жағдайын пайдалана отырып, әкімдік коммуналдық кәсіпорындарын төлемақыдан босатып, кейбір заңды тұлғалардан негізсіз ақша жинады.
Сонымен бірге, компания жарғысын бұза отырып, 550 млн теңге бос қаржатты банк депозиттеріне салады. Бұдан бөлек, монополияға қарсы орган «Астана ЕРЦ» ЖШС-нің қызметіне әртүрлі тарифтік бағаларды қолдану сынды заңсыз пайда табу фактілерін анықтады.
Осы және басқа да фактілер мемлекеттік органдардың олар құрған бәсекелестік жеке нарықта қызметін жүзеге асыратын, компаниялардың жойылуына мүдделі еместігін көрсетеді. Әлбетте, әңгіме осы кәсіпорындардың ақша ағынын бақылау мен бөлінетін мемлекеттік субсидиялық қаражаттың таралуында болса керек.
Жергілікі атқарушы органдардың (ЖАО) қарсылығы туралы мына фактіден көруге болады, әкімдік таратқан «Астана ЭнегоСбыт Компания» ЖШС-нің орнына, бірден, оның алдындағы компания сияқты елордада заңды тұлғаларын жоғары энергиялық тарифтермен қамтамасыз етуді іске асыратын жаңа «Астана қалалық жарық» ЖШС-і келді.
Бұл кезде елорда тұрғындарын негізінен төмен тарифтермен қамтамасыз ететін жеке «Астанаэнергосбыт» ЖШС-і жоғары тарифтерді көтеруге мәжбүр, өйткені жоғары тариф ұсынған заңды тұлғалар әкімдік компаниялары болып шықты, яғни «Астана ЭнергияСбыт Компаниясы» ЖШС-ін тартатудан ештеңе өзгермеді.
Бизнесте мемлекеттің қатысуын қысқартудың орнына біз жаңа кәсіпорындарды, нарықты монополиясыздандыру орнына біз жаңа монополистерді құрудамыз. Нарықтық, инвестициялық-тартымды экономиканы құрудың орнына біз бағаны реттеумен айналысамыз.
Осыған байланысты «Ақ жол» ҚДП фракциясы:
-кәсіпкерлікте мемлекеттің қатысу мақсаттары мен міндеттері тұжырымдамасын әзірлеуді;
- жекешелендірілетін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар тізімін кеңейтуді,
-нарықта жеке компаниялар қызмет көрсететін барлық коммуналдық кәсіпорындардың таратылуын, нарық бәскесіне олардың мүліктері мен еңбек ұжымдарын беруді қамтамасыз ету қажет деп санайды
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракция депутатары