Премьер экс-елші Әлиевтің кінәсін дәлелдеуді сұрайды

  Мальта Парламентінің депутаты, «Жа­сыл­дар» партиясының мүшесі Арнольд Кассола Үкімет басшысы Лоуренс Гонзиге Қазақ­стан­ның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев­тің адамзатқа қарсы жасаған қылмыстарын, сондай-ақ Мальта елін ақшаны тазалауға пайда­ланғаны үшін өкімет қандай шара қолданып жатқаны жайлы сауал жіберді. Лоуренс Гонзи жауап хатында Әлиевтің Еуроодақ азамат­ша­сы­на үйленгендігі себепті одаққа мүше елдерде емін-еркін жүріп-тұра алатынын, сондай-ақ Әлиевке қарсы айыптауларды тексеру Маль­таның заңдық құқығына кірмейтінін жеткізді. Премьер-министр ел арасында егер де бұрынғы елшіге қатысты қандай да бір дерек болса, по­лицияға хабарласуын өтінді. Сонымен қатар, ол: «Жергілікті полиция экс елшінің ақшаны жуып, шайғанын тексеруге тиіс», – деді. Естеріңізге сала кетеміз, бұл қыл­мыс­тық істі қозғауға Әкежан Қажыгелдиннің екі оққағарының Әлиев ҰҚК-нің төрағасының орынбасары кезінде, тергеу тұсында өздерін ұрып, соқты, азаптады, деп айып таққаны себеп болып отыр.