Елордада әкімге қатаң ескерту жарияланды
2020 ж. 13 мамыр
1354
0
Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі Берік Жәкеновке саябақтардың нашар күйіне байланысты сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Саябақтың қазіргі күйі мен жұмыс қарқынының төмен болуына орай Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов пен мердігер ескерту алды. Барлық кемшіліктерді түзетуге уақыт берілді. Абу-Даби Плаза маңында орналасқан саябақ екі жыл бұрын ашылуы тиіс болатын. Желілік саябақ биыл ашылады.
Саябақ аумағы 11 гектардан асады. 3,5 мыңға жуық ағаш отырғызылды.
Аумақта балаларға арналған ойын алаңы, скейт-алаңы және т. б. орнатылды.
Нұр-Сұлтан қаласында 50-ге жуық қоғамдық орын абаттандырылады. Олардың қатарында саябақтар, тынымбақтар және басқа да таза ауада серуендеуге арналған орындар бар. Аталмыш орындардың басым бөлігі "жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында абаттандырылады. 10 жерде жұмыстар басталды.
Шеткері аймақтарды дамыту аясында "Көктал" елді-мекенінде саябақ құрылысы жалғасып жатыр. Саябақ аумағы тыныш демалыс аймағы, белсенді демалыс аймағы және балалар демалыс аймағы болып 3-ке бөлінеді. Саябақ аумағында 8 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Сонымен бірге 4 ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. 2-інде құрылыс жұмыстары басталды.