Дәурен Абаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болды

Дәурен Абаев ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын», - делінген Ақорда сайтында жарияланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Абаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды.