Азат Перуашев меморгандарды Президент тапсырмаларын адал орындауға шақырды
2020 ж. 28 сәуір
1100
0
"Ақ жол" партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдайға байланысты халыққа жасаған үндеуінде айтылған тапсырмалар туралы пікір білдірді.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.
- "Ақ жол" ТЖ-ның ұзартылуын түсіністікпен қабылдады. Індеттің жалғасуында бұл мәселеде абайлау керек. Карантиннің жұмсартылуын да қолдаймыз. Меморгандарды президенттің бизнесті қолдау және жүйе құрайтын кәсіпорындардың тізімін жасау тапсырмасын адал орындауға шақырамыз, - деп жазды Азат Перуашев твиттердегі парақшасында.
Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы кезекті үндеу жасап, карантин режимінің 11 мамырға дейін созылатынын хабарлап, Үкіметке бірқатар тапсырмалар берген болатын.