ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ

«Ұлы Дала» қоғамдық бірлестігі құрушыларының бірі болған, Алматы сауда палатасының бұрынғы президенті, белгілі меценат Ізбасар Бозаевтың өмір жолы, өнегелі істері туралы «dala.tv» қоғамдық-саяси сайты естелік, мақалалар жариялап тұрады.   Ізбасар Бозаев 1954 жы¬лы 5-жел¬тоқсанда Жам¬был облысы, Жуалы ауданы, Петровка ауылында дүниеге келді. 2012 жылдың 7 сәуірі күні 58-ге қараған ша¬ғында жол апатынан мезгілсіз қаза болды. Ол 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас по¬селкесіндегі орта мектеп¬ті бітірген соң Қазақ ауы묬шаруашылық институтына түсті. 1973-1975 жылдары кеңестік әскер қатарында міндетті борышын өтеді. Әскерден оралған соң отба¬сылық жағ¬дайға байланысты Түл¬кібас по-селкесінде еңбек жолын бастады. Астық қабылдау пунктінде инженер, өндірістің басты энергетигі болды. Бірнеше мәрте комсомол ұйымының хатшысы болып сайланды. 1980 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша бітірді. Жасынан зеректігі, тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарайтыны, жаңалыққа құмарлығы оны өз қатарының арасында өзгешелендіріп тұратын. 1980-1988 жылдары Ізбасар Бозаев Түлкібас станциясында әскери қарулы күзет бастығының орынбасары, қоғамдық тамақтандыру мекемесі директорының орынбасары, қойма меңгерушісі, Түлкібас жеміс-жидек консервілеу зауыты өткізу бөлімінің бастығы сияқты қызметтер атқарды. Арада өндірістік жолдамамен Республикалық басшы кадрлар даярлау мектебін бітірді. Нарықтық қатынастардың алғашқы нышаны біліне бастаған кезде, 1988 жылы Түлкібас ауданында алғашқы болып кооператив ашты. 1989 жылы кооператорлардың аудандық кеңесін басқарды. 1989 жылы «Мерей» акционерлік қоғамының президенті болды. Түлкібас аумақтық-салааралық бірлестікпен бірге жаңа өндіріс орындарын ашты. Инфраструктураның дамуына, әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына атсалысты. Ауданда Тұрар Рысқұловтың, Бауыржан Момышұлының мерейтойла¬рына, ауданның 70 жылдығына орай өткізілген ірі іс-шараларын өткізуге белсене атсалысты. Осындай игі істерімен аудан жұртшылығының құрметіне бөленді. Еліміз экономикалық ауыр ахуалды бастан кешіріп жатқанда Ізбасар үл-кен іске бел байлап, 1991 жылы «Ақ бастау» коммерциялық банкінің аудан¬да¬ғы филиалын, 1992 жылы «Оңтүстік» коммерциялық банкінің филиалдарын ашты. Сөйтіп, аудан экономикасының жедел дамуына мүмкіндік бер¬ді. 1996 жылы Алматы қаласындағы халықаралық «Интегракарус» ха-лықаралық қорының президенті, 1997 жылы «Автотехника» ашық акцио-нерлік қоғамының президенті болып тағайындалды. 2001 жылы Алматы Сауда Палатасының президенті болып сайланды. Ізбасар Бозаев табиғатында өте іскер, ұйымдастырушылық қабілеті зор азамат еді. Ел өмірінде ол көптеген салалардың дамуына атсалысты, түрлі қайырымдылық шаралар өткізді. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілдерімен достық қарым-қатынаста болды, оларға қолдау жасады. Жүзеге асырмақ жоба-жоспарлары да көп еді. Ізбасар Бозаев республикалық «Ұлы дала» қоғамдық қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі болды. Оның құрылтайын өткізуге үлкен еңбек сіңірді. Қоғам қайраткері ретінде бұқаралық ақпарат құралдарында өз пікірін жасқанбай айтатын. Ойлары озық, қоғамдағы кемшіліктерге жаны қас еді. Ізбасар Бозаев ЕврАзЭқ-тің іскерлік кеңесінің мүшесі, Қазақстан-Сауд Арабиясы кәсіпкерлер кеңесінің, Қазақстан-Қытай кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі болды. Қазақ Ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр Академиясының профессоры атанды. Ол балаларына өнегелі әке, немересіне несібелі ата болды. «Ұлы Дала» қоғамдық бірлестігі