Имаштайын ЕР қайда?!.

2
1061

 

Қазақтың Ұлы Даласында елдің сөзі, халықтың пікірі – аса маңызды саналған. Қарашаның көңіл-күйі мен арман-мүддесі қызыл тілдің қуатымен жеткізіліп отырылған.

Таяу күндері Nomad.su сайтында «Қазақстандағы №2 адам кім?» деген сауалға қазақ топырағының жұртшылығы жапа-тармағай жауап беріпті. Елдегі елеулі 20 саясаткердің тізімі енген сауалнамада Астана қаласының әкімі Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВтың шоқтығы биік көрініп, Қазақстаннның Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВтан кейін – Қазақстандағы №2 адам атаныпты.

Қазақстандағы №2 адам кім?

(2012 жылдың қараша айы)

1Нұртай Әбіқаев4723%
2Серік Ахметов2110%
3Әділбек Жақсыбеков94%
4Ахметжан Есімов21%
5Қайрат Келімбетов42%
6Владимир Ким10%
7Тимур Құлыбаев136%
8Мұхтар Құл-Мұхаммед0%
9Қырымбек Көшербаев42%
10Кайрат Мәми31%
11Кәрім Мәсімов63%
12Александр Машкевич21%
13Аслан Мусин42%
14Нұрлан Нығматулин84%
15Қанат Саудабаев21%
16Марат Тәжин10%
17Иманғали Тасмағамбетов5828%
18Қасымжомарт Тоқаев105%
19Болат Өтемұратов42%
20Өмірзақ Шөкеев94%
Барлық дауыс бергендер саны 208100%

 

www.nomad.su

 

Елорданың еңселі әкімі Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ таяуда аталып өткен «Бірінші Президенттің күні» мерекесінде былай деген болатын: «Күнтізбеге қызыл белгімен енген осынау жаңа мемлекеттік мереке, Елбасы күні – елдікке құрметтің белгісі, халықтық мейрам. Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті – жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалап, шекарасын нықтап, берекесін баптап, баянды болашаққа тура бастап келе жатқан тарихи тұлға».

Азаттығын алғанына жиырма бір жыл уақыт өткен Қазақ Елі өзінің тәуелсіздігін тұғырлы ету жолында талай тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Осынау қиын-қыстау жылдарда «Аулақта өзім кестім кіндігімді» деп Шәкәрім айтпақшы, саясаттың сарабдал соқпағында кіндігін кескен Елбасының тәлім-тәрбиесін бойына сіңіріп, қарымды қолқанат болып келе жатқан Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ, шындығында, қазақтың жанашырына, елінің қамқорына айналған саясат сардары.

Бұған Мыңжан БАЙЖАНИНнің мынадай өлең жолдары дәйекті дәлел:

 

Алаштайын ел қайда?..

Балқаштайын көл қайда?..

Әттең, өмір -қас-қағым,

Имаштайын ЕР қайда?!.

Сейхұн

 

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз