ИТТІҢ ӨЗІ ҮЙІНЕ ҚАРАП ҮРМЕЙДІ...

ИТТІҢ ӨЗІ ҮЙІНЕ ҚАРАП ҮРМЕЙДІ... "Ұлының құлы"...  ...Ал, Қазақстандағы «ұлтаралық қатынас» ұғымының тұғыры да тү­сініксіздеу болып барады. Елбасы бастап, басқа ұлттар мен жат жұрттар қостап, «Халықтар Ассамблеясы» дейтін нән құрылым құрып, ор­нық­тырып алды. Қазақ топырағындағы бө­тен ұлыстар мен басқа кірмелерді «қорғайтын құрылым» деген айдар тақты, ассамблеяға. Бірақ, қазақ жеріндегі ынтымақ пен тыныштықты қазақтың өзі қа­ламаса, бәрі бекер. Егер, аталған ассамблея шөптің басын сындырса, неге Орал қаласын жылумен қамтамасыз ететін «Жайық­жылуқуат» акционерлік қоғамында коммерциялық директоры, өзін-өзі «атаман» атаған Вячеслав Юрьевич Солодилов дейтін «Халықтар Ассам­блеясы қорғаған» Қазақстанның азаматы елі мен жері бөлек, жұрты мен ұрты бөтен елдің басшысы, Ресей Президенті Владимир Путинге хат жазып, шағым айтады?.. Яғни, талас жоқ, Солодилов өзін «жат жұртта жүрмін» деп есептейді. Қазақстанды«өз елі, туған отаны» деп есептемейді. Қит етсе, қия тартып, шекараны асқалы тұр, қазақты сатып, қашуға әзір... Сонда , «Халықтар Ассамблеясы» атқарған жұмыстың нәтижесі қайда? Ол аз десеңіз, діні бір, ділі жақын шешендер Алматының түбіндегі ауыл­да қазақтарды аңдып атып, кек алғысы келеді... Бұл – қарапайым адамшылықты айтпағанда, еліміздің қауіпсіздігіне қол салған қауіпті қылмыс қой. Ше­шендер адамның өміріне қауіп төн­дірсе, «атаман»-сымақ күллі елдің іргесін сөгуге тырысады. Солодилов сабазың онысымен қой­май: «Біз би билеу үшін емес, қы­лышымыз жалаңдап, жерімізді қор­ғау үшін жаратылдық емес пе?!» – деп, сандалып, қазақтың ата-бабасы­ның жеріне, тарихи отанына ортақ­тас­қысы келеді. Ол өзінің кешегі ата­ларының орыс патшасының қа­һары­на ұшырап, қазақтың жеріне қопара жер аударылған баукеспе-ұры, қаны­пезер қылмыскерлер екендігін әдейі ұмыта қалыпты... Қазақтың адал нанын жеп, таза суын ішкен мұндай найсап, арампи­ғылдылар «Отанға опасыздық жаса­ған» деп танылып, ең ауыр жауаптарға тартылмаса, ұлттардың арасы ушы­ғып кетуі әбден ықтимал... ...Жиырма жылдан астам уақыт 15 мемлекеттің билігінен айырылып, байлығы азайып, қазынасы кеміп қалған Кремльдің аңсаулы арманы кім-кімге де түсінікті... Сасық ойлы, пасық пиғылды Мәс­кеудің Солодиловтай салбөксе айтақ­тары қанша жерден: «Өз тарихи отаны­мызда, ата-бабамыздың жерін­де өмір сүре тұра ит көрмеген қор­лықты бастан кешірудеміз. Барлық жер­де қазақша сөйлеуге мәжбүр­- міз.» – деген далбасаларымен дауы­сын жыртып, бұтын қақыратса да, қазақ та, басқа да бодандық қамытына қайтып оралмайды... Тек, тым жақында, өз арамызда, дастархан басында бір «белгісіз» қауіп бар, ол – «іштен шыққан жау жаман»... ...Солодиловты «сайратуда», ше­шен­дерге шешім беруде «іштен шық­қан шұбар жыландардың» үлесі ора­сан... Есілдің сол жағалауын да, өңір­лер­дегі билік ғимараттарды да, алыс-жақын шетел «барлау» орындарын да, керек десеңіз, баукеспелердің бекі­нісіне, қылмыскерлердің қорғанына айналған ит арқасы қиясындағы тұ­ман басқан тажал қаланы да «жаулап алып», әмірін жүргізген орыстілді, орысділді, орысқұлды орашолақтар мен озбырлар: «Я был и остаюсь еди­но­мышленником Великого чело­ве- ка» – дейтін тұрлаусыз да тұғырсыз өтірігімен ендігі жерде қазақтың Ел­басын да, елін де алдап-арбай алмай­ды... ...Уақыт жылжиды, ел өседі, өріс кеңейеді... Бұрнағы бос сөздің, сылдыр уәде­нің «арты» ашылып, ойран болатын кезеңдері қайталанып отырады... ...Қаза билігінің алтын тұғыры – Ақордада «Ұлының құлымын!» – деп, өтірік мүләйімсіп, жалған мәймөңке­легендердің күні өтуге тиіс. Жүрегінде жігері мен намысы, бол­мысында иманы мен қайраты бар нағыз ержүрек, елі мен жеріне адал тұлғалардың таңы атуға тиіс. Ел боламын деген қазақ бесігін түзеп, есігін тазартсын!.. Құлтас ДОСТАН