EXPO-2017 – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ ЖЕҢІСІ

14
5635

Қарашаның 22-сінде Франция астанасы Па­риж қаласында Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 152-ші сессиясы өтіп, онда әлемнің 161 мемлекеті жасырын дауыс беру арқылы EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын Астанаға алып берді. Халықаралық көрмелер бюросының 103 қатысушы-мемлекеті Астананы қолдап, 44-і қарсы дауыс берді. Осы­лайша Бел­гияның Льеж қаласымен бәсекеге түскен Қазақ елі астанасы айқын басымдықпен жеңіске жет­ті. 2017 жылы Астанада өтетін ЕХРО-2017 Ор­талық Азия өңіріндегі ғана емес, ТМД аумағын­да өткізілетін алғашқы ха­лық­ара­лық көрме бол­мақ. Халықаралық «EXPO» көр­месінің Ас­танада өт­кізілуі – жаһан жұрт­шы­лығының Қа­зақ­станды мойындай білген­ді­гінің белгісі.
Бүкіләлемдік әмбебап EXPO көр­мелері – бұл жаһандық маңызы бар оқиға, өз маңыздылығы бойынша тек бүкіләлемдік экономикалық EXPO көр­мелерінің форумдарымен ғана салыс­тыруға келеді, ал туристік ұтым­дылығы бойынша әлемдегі ең тарал­ған спорт­тық жарыстармен тепе-тең.
1851 жылы принц Альберттің ұсы­нысы бойынша Лондон қаласында бі­­рінші Бүкіләлемдік өнеркәсіптік көрме өткізілді. EXPO көрмелері әлем елдері­нің экономикалық, ғылыми, тех­ноло­гия­лық және мәдени жетістік­терімен танысуға тамаша мүмкіндік беретін оқиға ретінде кеңінен та­ныл­ды және тарихи тәжірибе айнасы, ин­новация­лық идеялармен алмасу, бірігу мен келешекке деген ұжымдық көзқарасты танытатын шара болды. Одан бері 161 жыл өтсе де EXPO көр­ме­лері өз маңыз­ды­лығы мен мәртебе­сін жоғалтқан жоқ. Керісінше әлем­дегі ең беделді көрме алаңы бо­лып та­былады. EXPO көрмелерін мил­лион­даған туристер келіп көреді, сондықтан әр ел ұлттық мәдениет ерек­шелігі мен өз экономи­ка­лық, технологиялық даму деңгейін әлемге танытатын бірегей павильонын жа­сауға ұмтылады. Осының нәтиже­сін­де келушілер павильондардың ға­жайып сәулеттік бейнесімен бірге ең жаңа ғылыми жетістіктер негізінде жасалған экспонаттарды көруге мүм­кіндік алады.
Қазақстан 1997 жылдан бастап Ха­лықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып енді және ЕХРО көр­мелеріне 2005 жылдан бастап қа­ты­сып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің қорытын­ды­сы бойынша «C» категориялы 104 қа­­тысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы және ішкі рәсім­деу өлшемдері бойынша қола медаль­мен марапат­талды. Шанхай (ҚХР) қаласындағы EXPO-2010 көрмесінде Қазақстан павильонын жарты мил­лион­­нан астам адам келіп көрді. Қа­зақстан Кореяда, Есу қаласына өткен EXPO-2012 көрме­сінде жалпы ауданы 774 шаршы метр павильонда өз экспо­зицияларын көп­ші­ліктің назарына ұсынды.
Ұсынылып отырған 2017 жылы ха­лықаралық «EXPO» көрмесі Аста­нада 3 айға – 2017 жылдың 10 маусымы­нан 10 қыр­күйегіне дейін созылады. Көрмеге әлемнің 100-ге тарта елі мен 10 ха­лық­ара­лық ұйым қатысады, көр­меге 5 мил­лион адам келеді деп күті­лу­де. Бұл Қа­зақстанның халықаралық деңгейде алға жылжуында үлкен қа­дам болмақ. EXPO-2017 өткізу елор­да­ның да, тұтас республиканың да эко­номикалық және инфрақұрылымдық дамуы үшін қосымша ынталандыру болады. Аста­на­дағы және оның ма­ңындағы кіші және шағын бизнес, ең алдымен қыз­мет көрсету саласы, қо­нақ үй бизнесі мен ішкі туризм дамуға елеулі дүмпу алады. Бұл шара көрме нысандары мен астананың инфрақұ­рылымын салуға жеке ивестицияның елеулі көлемін тартуға мүмкіндік бе­реді. Көрме әлемді қазақстандықтар­дың көпұлтты мәде­ниетімен, көне та­рихымен, өнерімен, дәстүрлері мен қонақжай мінезімен таныстырды, Қа­зақстанның әлемдік қоғамдастықтағы танымалдылығы мен тартымдылығын жоғарылатады.
Елорданың мәдени дамуы да ма­ңыз­ды іс. EXPO өткізу кезінде Астана қа­ласы дүниенің әр бұрышынан кел­ген әр түрлі мәдениет үндеріне то­ла­ды. Күн сайын көрме аумағында кон­церт­тер, шоу, Ұлттық Күндер және басқа ойын-сауық шаралары өтетін болады.
Туристтер мен көрмеге қатысушы­лардың көп саны оларға қызмет көр­сетуші жеке қызметтердің белсенді дамуына жол ашады. Өйткені ке­лу­шілерге тұратын орын, сапалы тамақ, аудар­машылар, экскурсиялар мен ойын-сауық қажет болады. Сондықтан қосымша жұмыс орындары мен табыс табу мүмкіндіктері пайда болады.
Кіші және орта бизнес иелері үшін Астанадағы EXPO-2017 көрмесін өт­кізу жаңа энергия сақтағыш техно­логиялармен танысуға және кейіннен оларды енгізуге, инвесторлар мен биз­несті одан әрі дамытуға идеялар іздеуге тамаша мүмкіндік бола алады.
Студенттар мен жоғары сынып оқу­шылары үшін бұл көрме өзге тіл­дерді үйренудегі тіл жаттықтыруға, жетекші әлемдік ғылыми мектеп­тер­мен танысып, бұдан бы­лайғы кәсіби өсу үшін идеялар табу мүмкіндіктерін бермек.
Биылғы жыл біздің мемлекетіміз үшін табысы мен қуанышты мол жыл бол­ды. Біріншіден, 2012 жылы тұ­манды Альбион елінде өткен әлем­дік спорт додасында Қазақстан құра­ма­сы­ның елеулі де әсерлі же­тістіктері бүкіл әлем жұрт­шы­­лығына Қазақ­станды танытты. Екіншіден, Париж­дегі жеңісіміз қазақ­стандықтар үшін мақтанышпен қабыл­дайтын жаңалық болды. Бұл кеңауқым­ды шара елімізге дүние­жүзілік деңгей­дегі мүмкіндіктер әкелетіні сөзсіз…
Гүлмира САДЫҚОВА 


14 ПІКІРЛЕР

  1. иә әрине бұл Қазақ елі үшін өте үлкен жетістік. Қазақ елі одан сайын дами түседі. тек бірақ деген сөз бар ол жемқорлық. сондықтанда Азиада кейпін кимей осы істі атқаратын бастық ағаларға айтарым шын ниет пен шын еңбекпен қызмет істесе екен. сонда Қазақстан одан әрі дами түсер еді.

  2. иә әрине бұл Қазақ елі үшін өте үлкен жетістік. Қазақ елі одан сайын даи түседі. тек бірақ деген сөз бар ол жемқорлық. сондықтанда Азиада кейпін кимей осы істі атқаратын бастық ағаларға айтарым шын ниет пен шын еңбекпен қызмет істесе екен. сонда Қазақстан одан әрі дами түсер еді.

  3. EXPO-2017 Қазақстанның жаңа бағытта дамуына қол жеткізеді.Алға ұмтылған қазақ елі үшін бұл таптырмас гауһармен тең.Егерде бұл жоба іске асатын болса қазақ жері туристік жаңа бағыттағы елге айналады.

  4. Қазақстандықтар тек қана алға!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! фудболды дамытындыршы қашанғы жеңіле береміз?!?!?!?!?!?!?????????????????????????!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

  5. МЕН ҚАЗАҚ ҚАЗАҚПЫН ДЕП МАКТАНАМЫН,
    ҰРАНҒА АЛАШ ДЕГЕН АТТЫ АЛАМЫН,
    СҮЙГЕНІМ ӨМІР ҚАЗАҚ, ӨЗІМ ҚАЗАҚ,
    МЕН НЕГЕ ҚАЗАҚТЫҚТАН САҚТАНАМЫН?!!!!!!!!!!!

  6. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙІК ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!!! ҚАЗАҚ ҚАЗАҚПЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕССІН!!! ҚАЗАҚ ТЕГІМІЗДІ САҚТАЙЫҚ!!! ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ НАМЫСТЫ, ЖІГЕРІ, БЛІМДІ,САНАЛЫ ЖӘНЕ ИМАНДЫ БОЛСЫН!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз