ПУТИННІҢ ПАСЫҚ ПИҒЫЛЫ

4
901

  Қай заманда да, қай халық та, орыстың қаупі мен қиындығын, орақтығы мен опасыздығын қа­зақтай сезіне алмады. Батыс өңірінің қазағы сонау Әбілқайыр ханның кезінен бастап, ама­лы­­ның аздығынан, шара­сының жоқтығынан сары шашты, шегір көзді орыспен табақтас болуға мәжбүр болды. «Көп қорқытады, терең батырады» дейтінді басты «қаруы» еткен сасық самагонның төл-атасы қандай мәселеде де аз-кем келіспеушілік туын­даса, кеңкелес тапыраңдай ер-тұрманын бауырына алып тулайды…
Қазақстанның Президенті Н.Назарбаев түр­кі баласының бірлігіне картысты бір ауыз сөз айтып еді, қалың орыс Елбасымыз бен Қазақ­станға қарсы арсыз, ақпараттық соғыс бастап, тағы да бөрінің артындай шулап шыға келді…
Шын ныспысын жазудан да қаймыққан Колеров Модест дейтін лақапшы біреу «Назар­баевтың мәлімдемесі туралы үш сөз» атты ма­қаласымағында: «Назарбаев Еуразия Одағын құрудағы Ресей мен оның президенті Владимир Путиннің еңбегін бағаламайды да, құрметте­мейді де. Ол әлдеқашан қирап қалған «Түркі бірлігі» жобасын жаңғырту арқылы Күрдістан, Израил, Иран, Сирия, Ресей сынды елдерді өзіне қарсы қойып алуы ықтимал» – деп күң­кілдейді.
Керек десеңіз, Еуразия Одағы туралы идея­ның тарихи авторы Нұрсұлтан Назарбаев. Нұрағаң бұл ойын тұңғыш рет айтқан кезде, біріншіден, «Владимир Путин» ешкім де емес еді және оны бір адам танымайтын; екіншіден, сірә, Елбасы көңілшек Ельциннің емеурініне үміт артқан болуы керек…
Мақаласымақтың мылжыңбасы Колеров Модест әрі қарай былайша сандырақтайды: «Қасіретті 1930-1940 жылдардан кейін Д.Қонаев пен атышулы 1986 жылы Н.Назарбаевтың би­лікке келуі мен оның кепілдігін өзі айтқан «бас­қыншылдыр» орнатып берді».
Сандалыпты! Қазақ ұлтының отызыншы жылдардағы қырып-жойылған қасіреті үшін орыстың «кеңес» деп атын өзгерткен билігі мәңгі-бақи жауапты болып, көрлерінде де өкі­ріп, тыныш жатпайды. Ал, 1986 жылдың жел­тоқсанын біздің құрбы-құрдастарымыз, қа­зақтың рухы күшті, намысы оттай қайсар жас­тары жасап, күллі әлемді дүр сілкіндіріп, 15 бо­дан елге бостандық сыйлап қана қоймай, адамзаттың келешек тағдырын түбегейлі өз­гертті. Осынау орасан шындықты мойындағысы келмеген меңіреу Мәскеудің қалай оттаса да өз еркі, бірақ, одан тарих өзгермейді…
…Мәскеуден Түркияға тіке ұшып барған Нұрағаңның: «Барлық түркі халқы біріксек, біз қуатты одаққа айналамыз» – деуі әсте тегін емес. Қазақ елі басшысының түрік топыра­ғын­дағы ниетін Қазақстан халқы толық қуаттап, қолдауы керек.
…Айналасындағы «ресейшілдердің» көңілі­не қарап, қашан да парасаты мен сезімталды­ғына сүйенген Елбасы орыспен ойланбай, асы­ғыс, «аттың жалы, түйенің қомында» жасалған жа­қындасулардың – қазақ ұлтының ғасырлық армандары «тәуелсіздіктен» ажыратып қана қой­май, өзін де халқынан алыстататындығын түсінген тәрізді…
Бір ғана мысал: бүгінде Қазақстандағы азық-түлік, киім-кешек, жанар-жағармайдың бағасы шарықтап барады. Жұмақтағы жеңіл өмірге уәде берген Кедендік Одақтың нәтижесі қайда? Көлемі жыл санап артқан, мәселен, былтыр
67,7 млн тонна мұнай өндірген еліміздің хал-ахуалы неге бұлай? Оған кім кінәлі?

Мәселенің мәнісі мынада екен. Алдымен, Кедендік Одақта екендігіне қарамай, Ресей Қазақстанға баж салығынсыз жеткізілетін мұнайға квота енгізіп қойған көрінеді. Ол-ол ма, Қазақстанның мұнай мен газды сыртқа эскпорттау үшін Ре­сейдің көмегіне сүйенуге мүдделілігін пайдаланып, орыс билігі Павлодар зауытына мұнайды әдейі дер кезінде жеткізбеуі­-
мен тоқтамай, мамыр айында мұнайдың көлемін екі есеге
қыс­қартып, тиісті 500 мың тонна мұнайдың орнына, небәрі
270 мың тонна ғана жеткізілген…
Аталған мысал орыспен шешімін күткен шиеленісті мәселе­лердің жалқысы ғана. Яғни, қазақ елінде жаппай қымбаттау­шы­лықтың кілтипаны Ресеймен тығыз байланысты болып шықты.
Мұнай – Қазақстан үшін мемлекеттік бюджетті құраудың негізгі кіріс көзі. Орыс орнатқан одағай квота талабы өзгер­месе, ел кірісінің көлемі азая бермек. Құдайға шүкір, Г.Мар­ченко қаншама «қорықытып-үркітсе» де, елімізде жаңа кен орындарын ашып, мұнай өндірісінің көлемін молайтудың тетіктері табылады. «Теңгіз» кен орнын үлкейту арқылы сөт­кесіне 900 мың баррель мұнай өндіре алсақ, «Қашаған» жоба­сының алғашқы кезеңінде сөткесіне 370 мың баррель, кейі­нірек 450 мың баррельге жеткізуге мүмкіндік бар. Жалпы, қазақтың мұнайының өндіру көлемін 2013 жылы 82 млн тоннаға, 2017 жылы 102 млн тоннаға дейін өсіруге болады.
Осыншама көл-көсір қазынаны орыс қана көріп отыр ма? Жоқ, әрине.
Айталық, жардың астындағы Қытай қазірдің өзінде біздегі мұнай өнімдерінің 25-30 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Ал, айдаһардың тәбеті тау бұзатын дауылдай алапат…
Қазақ басшысының, ең бірінші кезекте, өз халқының мүд­десін көздеуі түсінікті. Нұрағаңның «1861 жылы қазақтың соңғы ханы өлтірілгеннен кейін, ұлтымыздың орыстың бода­нына айналғандығы, кейінірек Кеңес Одағының езгісіне түс­кендігі, бір заманда әлемді алақанында ұстаған «Түркі қаға­натының» болғандығы, Ататүріктің: «Күндердің-күнінде күллі түркі баласы бірігетін күн туады» деп айтқандығы, жер бе­тіндегі 200 миллионнан астам түркі баласы жұдырықтай жұ­мылса, әлемдегі әсерлі күшке айналатындығы» турасындағы сөздерінің бәрі тарихи шындық.
Бірақ, Кедендік одақ, Еуразиялық одақ т.б. толып жатқан жобаларды Қазақстанды «қантөгіссіз» қайтадан отарына айналдырудың айла-тәсілдері ғана деп түсінуден ары аспайтын, шын мәнісінде, Қазақстанды «екінші сортты ел» санайтын Ресей, бағымызға қарай, дүниенің тұтқасын ұстап тұрған жоқ.
Ресей қымбат құндылықтар негізінде достық қарым-қаты­нас орната алмайтын, экономика мен сауда саласында да өте нашар әріптес болатындығын, тек күштік қысым мен ақпарат­тық тоқпақтарды ғана түсінетін ел екендігін қаншама мәрте дәлелдесе де, көрші қонғандықтан, Қазақстан Президенті бас­пасөз хатшысының: «Қазақстанның сыртқы саясаты бұрын­ғыдай өзгеріссіз қалады» деген мәлімдемесіне түсіністікпен қарасақ та, әсіре ұлтшыл Путиннің Ресейімен жақындаса бе-
ру – егемендіктен айырылуға жасалған қадам болмақ…
…Түркі баласының бірлігі – Қазақстанның тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі ғана емес, әлем түркілерінің ынтыма­ғының алтын қазығы. Мәселені осылайша тұңғиық түсінген адам ғана түрік топырағындағыдай батыл мәлімдеме жасай алады…
               Құлтас ДОСТАН

4 ПІКІРЛЕР

  1. Шіркін, ақ көңіл қазағымай жеті рет өлшеп, бір рет кесуге қашан үйренер екенсіңдер-ау.Қашан орыстарға жаутаң көзіміз жадырар екен.Құр сөзден іске қашан көшер екенбіз.Осы заманда алаш арыстары бар ма екен?Бар олар, бірақ олар халықтың ортасынан көріне алмай жүр.Өйткені оларда ақша жоқ.Ақша жоқ болса, оларды елбасы қалай көрмек, оларды басқа құзғындар көрсетпеуге тырысып бағады.Шын елім дейтіндер қор болып жүр, жасаған-ау!

  2. 1995 жылдар-ау деймін,белгілі жазушы Сафуан Шаймерденов ағамыз теледидардан мынадай мысал айтқан.Бір тышқанға мысық -Кел, менің жүнім жұмсақ әрі қалың қойнымда жат,-деп 1күн түнетеді,2 күн түнетеді,3 күні тышқанды ешкім таппай қалады,белгілі ғой қайда кеткені деп.Көптеген зиалыларымыз ішкі түйсікпен осы кедендік одақтан пайда жоқ екенін сан мәрте айтқан.Бірақ әдетіміз ғой,бір басқан тырманы қайта-қайта басатын.

  3. «Он шошқаға тоймаған…» деп, бала кезімізде тақпақтайтын, діні жат, ділі бөлек немемен тым жақындасу – ақылдылық емес. Құдай қосқан қоңсы болғасын, амал нешік, сауда-саттық қатынастарынсыз отыра алмайсың. Бірақ, бұл антұрған сарыға күле қарауға болмайды және оның қару жасаудағы тәжірибесін мықтап үйреніп алуымыз керек. Енді орысқа, қытайға, американға, ағылшынға, қысқасы, жат жұртқа сену дегеніміз – ертеңгі ұрпағымызды құлдыққа жегумен пара-пар. Ешкімге сенбеу керек, тірі жанға сыр бермеу керек! Тек, Аллаға сенсек, екі дүниеде де алдымыз жарық болады. Біздің Нұрағамыз Шамалғанда өскен ауылдың кәдімгі ақкөңіл жігіті ғой, жұмсақ болмысынан, адамға сенгіштігінен қаншама қиындықтарда басынан кешіп жатыр… Әлі кеш емес, еліміз еркін, қапы қалмаймыз! Мақала мықты, жүгі салмақты, басылым басшысы – Қазыбек ИСА бауырымызға разымыз!!!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз