Жоғарыдағы ауыс-түйістердің аужайы белгілі болуда…

 

 
 

Гу-гу...

Астанададан ауылға дейін « жоғарыда зор ауыс-түйістер болады екен» деген әңгімені талдағанымызға көп болды. Әркім білгенін не естігенін айтады. Біздікі де соған жақын, бірақ астанадағы сол ауыс-түйіс жасайтын жерде отырғандардың өз аузынан болмаса да, көрші кабинетіндегілердің аузынан естіген сөз. Дегенмен сіздермен бөліспей ішіме сыймай барады. «Ескендірдің мүйізі бар» деп айқайлайын десем, біріншіден Алматыда құдық жоқ. Бәрінің аузын ұрлап металға өткізіп жібергесін, ішіне машина доңғалағы, маскүнем бомждар түсіп бітеліп қалған… Екіншіден полиция «мынау жынды екен ғой» деп  сүйреп алып кетеді де, Каблуковаға апарып жауып тастайды. Сонымен, Үкіметке басшылыққа Серік Ахметовты шешіп қойып еді,  ана кісінің ағайындары мәслихат жасап жіберіп, «осы кісі де,қайын жұртына бұра береді, өзіміздің Ахметжан Есімовбар емес пе? » дегенге ұқсайды. Енді қайсысы боларын бір кісі ғана біледі. Қысым көбейіп, қысымы  көтеріліп кетсе, әдеттегідей үшінші біреуді Қайрат Келімбетов пе, әлде еңбектен басқа ешкіммен ісі жоқ еңбекқор Бердібек Сапарбаевты ма , қойып кеп жіберуі  бек мүмкі-і-і-ін… Ендігі мәселе – президент әкімшілігі жетекшілігіне 3 адамның кандидатурасы тұр. БіріншіНұртай Әбіқаев. Шуы көбейіп кеткен ҰҚК-нен кетем дегенде президент жібермей қойғанын білесіңдер. Енді сол кісі осы орынға жайғасып қалуы мүмкін… Одан басқа бұл орынға Сенат төрағасы Қайрат Мәми мен Әлихан Бәйменовтың да есімдері аталуда… Кландар қақтығысы күшейіп кетсе, ешқандай топта жоқ Әлихан Бәйменов келіп қалады дейді президент әкімшілігі басшылығына… Астана әкімдігіне  Аслан Мусин баратын болып, шешілгенге ұқсайды. Алматыға Мәсімовкелетін болды дегенді естіп, кейбір ағайындар «он екі мұқамдарын» жаттап жүр еді, ол мәселе кешеуілдеп тұр.  Бір лауазымнан басқа бар лауазымның бәрінде істеп көрген іскер Иманғали Тасмағамбетов Мемлекеттік хатшы болып, Мұқтар Құл-Мұқамед өзі көптен сұранып жүрген Шығыс Қазақстан облысына әкім болып бармақшы дейді. Болмаса, идеологиялық вице-премьер болмақ.  Б.Сапарбаевқа да бір вице-премьерлік    бұйырмақ. Екінші бір әңгіме ол кісі Президенттің Іс басқарушысы, яғни Серік Үмбетовтың орнына  барады дейді… Оңтүстікке Үмбетов келеді деп Секеңнің үмбеттерінің айтып жүргеніне талай болған, сол енді орындалмақ көрінеді. Ішкі істер министрлігіне де жатқан талас. Бірінші үміткер – президент әкімшілігі заң бөлімі меңгерушісі Әлік Шпекбаев. Сенімді жүрген ол күнде министрлік  ғимаратын  бір айналып өтіп, көріп кетеді екен…Екінші -  Алматы қаласының бас полицайыЕрлан Тұрғынбаев. Көптеген облыстардың әкімдері ауысатыны анық болыпты. Соның ішінде жаңа әкімдер мен министрллердің қатарында жаңа кадрлар да аз емес екен. Ол да дұрыс. Әйтпесе 20 жылдан бері тек 20 адамды көз алдыңда ыңыршағы шыққанша айналдыра беру қоғамды жалықтырып жібереді екен… Олардың аты-жөндерін қазірден айтсақ, болашақтарына зиянымыз тиіп кетер.Осы жерден тоқтайық. Тағы естіп жатсақ, міндетті түрде Гу-гудің мінберіне шығамыз… Ал сіздердің де естіген-көрген жаңалықтарыңыз болса, Гу-гу-дің  оқырмандарымен бөлісіңіздер. Ол үшін бізге хат жолдаңыздар. Электронды поштамыз  maxamer@mail.ru

                                                                                                               Сапар ӘЛІ

Толық мәтінді www.gu-gu.kz сайтынан  оқисыздар.