АУЫЛ-АЙМАҚТАРҒА АТТАНҒАН "АҚЖОЛДЫҚТАР"

       

Сәуір айы басталысымен, Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшелері республикамыздың бірнеше өңірлерінде болып, сайлаушылармен кездесті.  

 ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП Фракциясының жетекшісі А.Перуашев Президенттің халыққа Жолдауын түсіндіру бойынша сапары аясында Маңғыстау облысының сайлаушыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Іс-шараларға Орталық аппараттың аймақтармен жұмыс жөніндегі хатшысы Талғат Ерғалиев, партияның аймақтық филиалының басшылығы мен активі қатысты. 9 сәуір күні Ақтау қаласында А.Перуашев Жаңаөзен оқиғасы бойынша ашық сот отырысына қатысты. Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлері А.Перуашевқа кәсіпкерлерге жер телімдерін бөлуде жәрдем көрсетуге, аймақтағы мал шаруашылығын дамытуды, соның ішінде тері өңдеу саласын қолдауға өтініш білдірді. Кездесу соңында А.Перуашев азаматтардың ұсыныстары және сапар нәтижесі бойынша алынған ақпарат депутаттың және «Ақ жол» ҚДП фракциясының одан әрі қызметінде қаралып, пайдаланылатындығына сендірді.

*** Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшелері Н.Жазылбеков пен С.Сәрсенов, Президенттің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша сайлаушылармен кездесу үшін Алматы облысының әкімі А.Мұсахановпен және Талдықорған қаласының әкімі Е.Алпысовпен, сондай-ақ Талдықорған қалалық Мәслихатының хатшысы М.Бопазовпен кездесті. Кездесу барысында аймақтың даму, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланды. Жастар өкілдерімен кездесуде депуттар қазіргі кезде Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан «Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңының жобасының негізгі ережелерін талқылады. Сонымен қатар, С.Сәрсенов пен Н.Жазылбеков «Ақ жол» ҚДП-ның Алматы қалалық филиалы жанындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады. Сондай-ақ, депутаттар Д.Қонаев атындағы университеттің студент жастарымен және профессор-оқытушылар құрамымен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның қызметкерлерімен және Алматы бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті. Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшелері Н.Жазылбеков пен С.Сәрсенов өшпелі іс-шаралар аясында Алматы облысының кәсіпкерлерімен және ауыл тұрғындарымен кездескенін де айта кеткен жөн. «Колхозшы» елді мекенінің тұрғындары депутаттарға ауыл атауын «Достық» деп өзгерту үшін жәрдемдесуге өтініштерін айтты. «Ақ жол» ҚДП депутаттары ауылдықтардың мәселелерін жеке бақылауларына алуға уәде берді. *** Ал «Ақ жол» ҚДП-ның парламенттік Фракциясының мүшесі, депутат А.Тұртаев көшпелі іс-шаралар аясында Шиелі ауданының тұрғындарымен кездесті. Шиелі кентінің тұрғындары депутатқа өздерінің мәселелері туралы айтып, жазбаша түрде жолданымдарын тапсырды. Аудандық мәслихат депутаттары бірқатар мәселені көтерді, соның ішінде «Қазатомпром» ҰК» АҚ-ның қызметіне көңілдерінің толмайтындығын білдірді. Сонымен қатар, А.Тұртаев «Құмкөл» кенішінде болып, «ТоғайПетролеум» АҚ-ның және «Бастау-S», «СПМК» мердігер компанияларының жұмысшыларымен жүздесті. Жұмысшылар кездесу сәтін пайдалана отырып, компания басшылығына алғыстарын білдірді. Мұнайшылар жұмысының зияндығы мен жұмыс кестесінің ерекшелігін, өмірлерінің тең жартысын жанұяларынан тыста, кеніште өткізетіндерін есепке ала отырып, жұмысшылар өздерін толғандырып жүрген, мұнай-газ секторындағы жұмысшылардың зейнеткерлікке шығу жасын төмендету туралы мәселе көтерді және депутаттан оның шешілуі жолында жәрдемдесуді сұрады. *** Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Фракциясының мүшесі Аманжан Рысқали Ақтөбе облысының жұртшылығымен кездесті. А.Рысқали Ақтөбе қаласындағы полиэтилен құбырлары зауытына барды. Кездесуде депутат зауыт жұмысшыларына ҚР Парламенті Мәжілісінің, «Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясының қызметі туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, «Инновациялық технологиялар» тобымен кездесу өтті. Бұл кездесуде бизнесті қорғау, мамандардың кәсіби деңгейі, өнімді өткізу, жаңа технологияларды енгізу туралы және т.б. мәселелер қозғалды. *** Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі «Ақ жол» ҚДП Фракциясы жетекшісінің бірінші орынбасары Екатерина Никитинская Қарағанды облысының сайлаушыларымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында кәсіпкерлер тарапынан көтерілген мәселелер талқыланды. Олардың қатарында жерге, несиелеу мен субсидиялауға қатысты және т.б. мәселелер болды. Сондай-ақ, Парламенттің заң шығарушылық қызметі туралы әңгіме қозғалды және кездесуге қатысушылар нормативтік заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін өздерінің ұсыныстарын білдірді. *** ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Фракциясының мүшесі М.Қазбекова С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің және Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының студент жастарымен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, «Ақ жол» демократиялық партиясының тарихы туралы, алға қойылған міндеттер мен қол жеткізген нәтижелер туралы айтты.