«МЕН ТАТАР ТІЛІ ҮШІН КЕЗ-КЕЛГЕННІҢ КЕҢІРДЕГІН ҚИЮҒА ДАЙЫНМЫН!» Эльмираның ерлігі талай Татардың ғана емес, бүкіл Түркінің намысын жанып, ортақ рухына қозғау салды

15
2929

Эльмира Исрафилова ақталып шықты!

Былтыр Қазан қаласындағы қалалық кеңестің алдында орыстілді оқушылардың ата-аналары мектепте татар тілін оқытуға қарсы пикет ұйымдастырған болатын. Бұны жергілікті ТНВ телеарнасының журналистері келіп түсіреді. Олар татар жастарының «Азатлық» деп аталатын ұйымының жетекшісі Наиля Набиуллина мен депутат-драматург Туфан Минниуллиннен оқиға орнында сұхбат алады. Бірақ осы кезде «ТНВ» арнасының тілшісі әрі жүргізуші болып істейтін Эльмира Исрафилова пикетке шыққан шовинистердің арандатуына ұшырайды. Тілшіге жөнсіз айып таққандардың айтуынша, Эльмира оларға «егер әлдекімге татар тілі ұнамаса, Татарстаннан кете беруіне болады» деген көрінеді. Пикетшілер болса: «Біз осында тудық, ата-бабаларымызды осында жатыр, қайда кетеміз?» деп жауап қатқан. Татар тіліне қарсылық жасағандардың осы сөзіне тілші қыз «бұндағы орыстардың барлығы басқыншылар» деген сыңайда жауап берген. Алаңға шыққан арандатушылар кейін тілшінің аузынан «мен татар тілі үшін кез-келгеннің кеңірдегін қиюға дайынмын» сөзді естігендерін айтқан. Осы оқиғадан кейін олар «Эльмира Исрафилованың экстремистік сипаттағы сөздеріне қарсы» қылмыстық іс қозғау туралы полицияға арыз жазады. Алайда, жергілікті құқық қорғау органдары тілшінің сөздерінен заңға қайшы келетін ілік таппай, қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан. Ал Исрафилованың өзі алдын-ала тергеу барысында пикетке шыққандардың өзіне жала жапқанын жеткізген болатын. «Мен ондай сөздер айтқан жоқпын. Дауласпадым, олардың мақсатын ғана білгім келді. Бірақ оларға менің сұрағым ұнамады. Тіпті пикетшілердің біреуі «татарская морда» деп намысыма тиетін сөз айтты. Бұл сөзге жағамды ұстап қайтып бара жатқанымда олар артымнан әр нәрсені айтып айғайлаумен болды» деген еді Эльмира Исрафилова.

Дегенмен журналистің мұндай сөздерді мәжбүрлікпен айтқанын мәлімдеген Татар ұлтшылдары бұл іске жұмыла кірісіп қыздарын қорғап қалды. Мәселен, татар жастар ұйымының белсендісі Рушан Гайфуллин осы оқиғаға берген бағасында «Оны туған тілін қорғағаны үшін қараламақ болды» деген пікір білдірген…

Сөз соңында айтарымыз, Ана тілі үшін бір топ шовинистерге қарсы шыққан Сүйінбикенің сіңілісінің ерлігі талай Татардың намысын жанып жіберген сияқты. Тіпті бұл оқиға татардың ғана емес, исі түркінің ортақ рухына да қозғау салды. Себебі, Татар қызының батылдығына тамсанған басқа бауырлас ұлттың  өкілдеріде осы жанжалдың бас-аяғында Эльмира Исрафиловаға жан-жақты қолдау көрсеткендігін айта кету керек.

Жолымбет Мәкішев

«Абай-ақпарат»

*Тақырып өзгертілді

www.qazaquni.kz

15 ПІКІРЛЕР

  1. Итальяндық “Ренко” компаниясының президенті Ринальдо Гаспарини мырзаның: “Мен әлемнің 141 елін аралаған жанмын. Солардың ішінде өз мемлекетінде отырып, өз тілінде өмір сүре алмай отырған бейшара халықты көрдім, ол қазақ халқы екен”-деген

  2. бҰЛ БАСТАМАЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ БЕКЕР ЕМЕС..ЖОЛЫМБЕТ БАУЫРЫМ ДҰРЫС ТАҚЫРЫП ҚОЗҒАДЫҢ. СЕҢ ҚОЗҒАЛЫП КЕЛЕ ЖАТЫР. ПАТШАМЫЗДА КӘРІ ҚОЙДЫҢ ЖАСЫНДАЙ ЖАС ҚАЛДЫ. СОЛ КЕЗДЕ ЖЕМҚОРЛАР МЕН САТҚЫНДАРДЫ БІР КӨРЕРМІЗ. ТҮБІ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРАМЫЗ. ЕНДІ 3-4 ЖЫЛ ШЫДАЙЫҚ..БІЗГЕ БҮЛІК КЕРЕК ЕМЕС. АЛЛА МҰРАТЫМЫЗҒА ЖЕТКІЗСІН!

  3. Мұндай ұлттық намысы зор ханшайымды ұлттық намыстан жұрдай біздің хан алса, намысты мұрагер туады. Кеңесім тегін екенін ескертемін.

  4. Монополистердің үстемдігі
    Капиталистік қоғамның ажырамас бөлігі монополия. Капиталистік қоғамда монополистер үстемдік жүргізеді. Мемлекеттің нағыз қожалары да солар.
    Мемлекеттің жоғарғы басқарушы орындарында отыру арқылы немесе өз адамдарын сол орынға тағайындау арқылы мемлекеттің экономикалық және саяси өміріне өз ықпалын жүргізеді. Бүгінгі олигарх ертең шенеунік, кешегі шенеунік бүгін олигарх. Осылайша мемлекет пен монополиялардың мүдделері ұштасып жатады.
    Олар өз мемлекеттерінде ғана емес басқа да шет мемлекеттерде үстемдігін жүргізе алады. Шетке капитал шығару, бізше әдемілеп айтқанда «инвестиция» арқылы үстемдікке қол жеткізеді. Шетке капитал шығару негізінен экономикалық жағынан артта қалған мемлекеттерді қамтиды. Оның ішінде шикізаттың бай қоры бар және арзан жұмыс күші бар елдерді таңдайды. Үстемдік жүргізудің не бір құйтырқы түрлерін ойлап тапқан. Мысалы финанс монополиясы басқа елдерге қомақты мөлшерде қарыз беріп оларды «қораға» кіргізіп қояды.
    Келімсек монополистер жергілікті мемлекеттердің заңдарына бағына бермейді. Мемлекеттің «Ата заңы» оларға жүрме бермейді, өйткені олар өздерінің ыңғайлы,өздерінің мүдделерін қорғайтын заң шығартып алады. Ол заң сол елдің Конституциясына қайшы болмай ма деп бас қатырып жатпайды, олардың ақ дегені ақ, қара дегені қара. Біздің еліміздегі көптеген заңдардың «Ата заңымызға» қайшы келіп жатуының сыры осыда. Біз кейде дұрыс заң қабылдамады деп депутаттарды жазғырамыз, дұрыс шешім шығармады деп соттарды жазғырып жатамыз. Оларды жазғыруымыз бекершілік. Өйткені олар солай етуге мәжбүр.
    Бір ғана Қытай монополисті Маңғыстауда мыңдаған адамдарды 7 ай бойы алаңға қаңтарып, Н.Соколованы 6 жылға соттақызды. Н.Соколованы соттаған сотта,прокурорда оның еш жазықсыз екенін жақсы біледі, бірақ олар дәрмесіз.
    Ақиқатында «Әлеуметтік араздықты қоздырған» Н.Соколова емес, сол қытайдың өзі болатын. « Тоқпағы мықты болса киіз қазық жерге кіреді» деген осы. Алаңда 7 ай тұрған жұмысшыларға Үкіметте , депутаттарда ара түсуге дәрмесіздік танытты, арты қантөгіске апарып соқтырды. Ал біз кінәлілерді басқа жақтан іздеп жатырмыз.
    Кейінгі кездегі монополияның кең тараған түрі финанс олигархиясы. Әлемде болып жатқан барлық бүліктер осылардың ісі. «Араб көктемін» көктеткенде осылар. Демократияны желеу еткен бұлардың мақсаты байлық пен үстемдік.
    Финанс олигархиясы мемлекетті өздерінің қара ниеттеріне пайдаланады. Қарапайым халықтың тұрмыс дәрежесін арттыру және демократия жолындағы күресін әлсірету үшін мемлекетті соларға қарсы заң шығаруға итермелейді. «Тіркеудің жаңа ережелері» және Еңбек кодексіне еңгізілген түзетулер осының айғағы.
    Олар халықтың бірлігін әлсірету үшін, олардың назарын басқа жаққа аудару үшін де неше түрлі құйтырқы істерге барады. Мысалы , «Орамал дауын» алып қараңыз, бір жапырақ орамалға бола қоғамды екіге жарып , қысқыстырып отыр. Маңғыстаудың қазақтары мен Шымкенттің қазақтарын алакөз қылып қойғаны анау. Ағылып келіп жатқан мысық тілеу миссионерлерде соларың жымысқылығы.
    Қарапайым халықты қиыншылыққа душар ететін дағдарыс,инфляция, жұмыссыздық сияқты бақытсыздықтың бәрі капиталистік қоғамның айнымас серігі. Капиталистік қоғам тек жеке адамдарды ғана бақтытты етеді, жалпы қарапайым халыққа бақыт сыйламайды
    Қазақ елінің болашағы әлеуметтік теңдік жүйесінде. Бізге биліктІ емес жүйені өзгеру қажет.Ұлттық ерекшіліктерімізді ескере отырып жаңа жүйе орнатуымыз керек.

    Мүслім МЫРЗАХМЕТ

  5. Бүкіл түріктің басын біріктіретін Тұлға осы ғасырда шығуы керек..Әйтпесе тым ұзаққа созылып кетті ұйқымыз. Ұлымыз құл болды, қызымыз күң болды. Тәңір қолдап,Түріктің шаңырағын қайта тіктейтін уағы да алыс емес екенін ішім сезеді..Шіркін сондай тұлға шыға қалса,қоңыр салқын төске алып, қоңыраулы найза қолға алып, бабаларымыздың байрағын ұстап, Еуропаны тағы бір шаңдатарма едік..Әй қайдам. Енді идеялық тұрғыда ауызбіршілік болуы мүмкін, бірақ түгел түрік бір тудың астынан табылмайды.

  6. Қазақ, басқа да түрік ұлтшылдары, текті бауырлар! Бір-бірімізді басымызға ұлқа, тілге, тәуелсіз ел жолында іс түскен шақта осылай қорғауға тырысайық! Биік болайық!

  7. Жарайсың Эльмира. Ұлттық рухы мықты қыз екен.Біздің кейбір өзге тілді қазақтарда сол жетіспейді ғой амал қанша?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз