Назарбаеваға 61-бапты түсіндіретін сарапшылар тобы құрылды
2020 ж. 17 сәуір
4362
0
Конституциялық Кеңес Республика Конституциясының 61-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы Парламент сенаты төрағасының өтінішін орындау мақсатында сарапшылар тобы құрылды, - деп хабарлайды baq.kz.
Бұл туралы ҚР Конституциялық кеңесінің баспасөз қызметі хабарлады.
Конституциялық Кеңес Республика Конституциясының 61-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы Парламент сенаты төрағасының өтінішін толық зерттеу, жан-жақты және объективті қарау үшін сарапшылар ретінде елге белгілі құқықтанушы ғалымдарды тартты. Олардың қатарында заң ғылымдарының докторы, профессор Е. Әбдірәсілов, Э. Дүйсенов және заң ғылымдарының кандидаттары М. Ғабдуалиев және Ж. Тілембаева бар. Конституциялық іс жүргізуде ғылыми жетістіктерді пайдалану Конституциялық Кеңес жұмысының орнықты әдістерінің бірі - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Парламент сенаты төрағасы Дариға Назарбаева ҚР Конституциясының 61-бабы, 3-тармағын түсіндіруді сұраған болатын. Өз кезегінде Конституциялық кеңес бұл істі қолға алғанын хабарлаған еді.