МЕНІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІМ ҮШІН ҚОРЛАҒАН БҰЛ МАСҚАРАҒА КІМ ЖАУАП БЕРЕДІ? Әлде, БІЗ ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІ КӨРШІ ЕЛГЕ ӨТКІЗІП ЖІБЕРДІК ПЕ?!.

26
1407

Қазақстан Республикасы Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың назарына,

Парламент депутаттарына,

Үкімет басшысы К. Мәсімов мырзаға!

Денсаулық сақтау министрлігіне,

Ішкі істер министрлігіне,

Павлодар облысы әкімі Е.Арын мырзаға,

Павлодар қаласының әкімі О. Қайргельдинов мырзаға,

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасына,

Павлодар облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметтерді бақылау комитеті департаментіне,

БАҚ басшыларына!

 

Орыстілділермен тек орыс тілінде сөйлесу керек  деген заң қайда бар?                                 

 Құрметті Салидат ханым!

Мен, Бейсенбай тегі Р.З., Кереку (павлодар) қаласының тұрғыны, 18.03.2012 жылы, бұған дейін Сіздің атыңызға жазған хатымда айтылғандай қазақ тілінде сөйлегенім үшін қызмет көрсетпеген дәріханашының кесірінен ала алмаған дәрілерімді алмақшы болып, келесі күні қаладағы Лермонтов көшесінде 106-шы үйде орналасқан дәріханаға кешкі сағат 19 -дың шамасында тағы бардым. Келген бетте дәріханашы: «Опять появилась!» деп қарсы алды.  Алдында мынадай жағдай болды. Сізге жазған хаттың көшірмесінде көрсетілген  Департаментке қоңырау шалғанымда Зәуреш Шорманқызы деген қызметкер: «Сағат 17-ге дәріхана меншігіне кіретін ЖШС-тің басшысын шақырдық. Сөйлесеміз, содан кейін кеше ала алмағандарыңызды ала беруге болады» деді.

Ала алмаған дәрілерімді қайталап тағы сұрадым. Кеше ғана мені тілім үшін қорлаған қыздың орнына  келген басқа қазақ емес фармацевт: «Вы женщина националистка, зная русский, почему говорите на казахском?!» деп тағы дүрсе қоя берді. Менің соңымда кезекте тұрған 2 адамға: «Вот она хочет на казахском обслужится, нам работать не дает» деп, оларды маған қарсы қоймақшы болды. Абырой болғанда әлгі екі адам менің: «2-ші күн қазақ тілінде сөйлегенім үшін националистка, расистка атанып, дәрілерімді ала алмай жүрмін» дегенімді түсінді. Дәріханашы тарапынан «нацистка» деген сөз екі рет қайталанған соң, қалтафонымдағы диктофонды қосып, сұрағанымды талап етіп тұра бердім.

Ал, менен кейін кезекте тұрған орыстілділерге қызмет көрсетіле берді. 15-20 минуттай өткенде дәріхананың шақыртуымен «Стражник» ЖШС-нің күзет қызметкерлері келді. Өзін күзет бастығы Қайрбаев Қайрат деп таныстырған жігіт, көрші мемлекеттің тілінде: «Вы почему с русской девушкой разговариваете на казахском языке! Вы должны с ней говорить на русском!» деді. Диктофонымда барлық сөздері тұр. Ал, дәріханашылардың күзетке айтқан сөздері: «Начальница сказала, что нам дадут нормально работать! (Тек орыс тілінде деген сөзі ғой)»  Сонда медициналық және фармацевтикалық қызметтерді бақылау комитеті Департаменті кешкі сағат 17-ден кейін қазақтілділерге көңіл аудармай-ақ қойыңыздар, Қызметтеріңізді тек орыс тілінде жалғастыра беріңіздер деп айтқан ба?

Бұл масқараға кім жауап береді?

Кім «Стражник» ЖШС-нің бастығы Қайрбаев Қайраттың сандырағына кім жауап береді? Әлде орыстілділермен тек орыс тілінде сөйлесу керек деген заң бар ма екен?  Онда Үкіметті сондай заңнамалық нормамен таныстыруды талап етеміз!

Мемлекеттік тілде сөйлемейтін, түсінбейтін дәрігерлердің кесірінен

сол арада адам өліп кетпесіне  кім кепіл?..

Әлде біз Тәуелсіздігімізді көрші мемлекетке өткізіп жібердік пе? Бұлай деуімізге негіз жоқ емес. Себебі, облыс әкімі Е.Арынның қабылдауы бөлмесіне қоңырау шалсаңыз: «Приемная акима области слушает» деген сөзді естисіз. Облыс аумағындағы барлық қала, аудан олардың аппарат жиындары тек көрші мемлекеттің тілінде өтеді. Мысалы, қала әкімі Ерлан Арын жұртшылықпен есеп-кездесуінде 5 минут мемлекеттік тілде, 25 (!)  минут көрші мемлекеттің тілінде сөйледі. Демек, облыс орталығының қазақтары облыстық әкімшілік тарапынан тілдік кемсітушілікке ұшырап отыр.

 

Жергілікті жорналшыларды, теледидаршыларды да шақырып, бастан кешкендерімді, мемлекеттік тілді табанға салып таптап жатқан фактілерді айтып бермекке бекінгенімде журналистер: «Елбасы жолдауында орыс тіліне қысым жасауға жол берілмейді деген. Біз ондайды түсіре де, жаза да алмаймыз. Жұмысымыздан айырылатын жайымыз жоқ» деген уәж айтты.

Айтыңызшы, қай жерде: «Орыстілділерге қызмет көрсетілмейді, олар сол тілде сөйлегені үшін нацист, расист» дегенді естігеніңіз бар ма?! Жоқ. Қазақ тілінде сөйлесең «нацист», «расист» болып шыға келесің және саған қызмет көрсетпейді.

 

Дәріханадағы тілдік кемсітушілік пен қорлаудан көрген соң, кешкісін жедел жәрдемге қоңырау соқтым.Тағы да сол: «Мы вас не понимаемы» шықты. Бастығыңызды шақыртыңыз, деп едім, басқа орыстілді әйел тұтқаны алып: «Что вам надо, если не разговариваете на русском, пригласите русскоговорящих соседей» деді. Орысша сөйлеуге мәжбүрлегендеріне қарсыласып қоймаған соң 10 минуттай уақыт өткенде ғана қазақша білетін адамды телефонға шақырды. Егер адам қатты науқас болып, көршілерге баратын жағдайы болмаса мемлекеттік тілде сөйлемейтін, түсінбейтін дәрігерлердің кесірінен (қалада жедел жәрдемнің жүру уақыты 15-20 минөт, оған тіл үшін тәжікелескен уақытты қосыңыз) сол арада адам өліп кетуі мүмкін ғой. Солай болып жатпасына кім кепіл? Осындай масқараға кім жауап береді?

 

Міне, Министр ханым, Сіз басқарып отырған министрлікке қарайтын облыстық медициналық мекемелердің мемлекетке және оның тіліне деген құрметі!Ал, менің айтарға сөзім жоқ!

Құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы

Үкімет, Жергілікті билік

Мен ешуақытта өз елімде, өз жерімде, өз мемлекетімде, өз тілімде сөйлегенім үшін «Нацист», «Расист» бола алмаймын!

Сіздердің алдарыңызға маған өз қаламда, елімде, мемлекетқұрушы қазақ ұлтының тілінде сөйлеуіме тосқауыл қойылмасын деген өтініш талабымды қойып отырмын!

Бейсенбай тегі Руза Зайкенқызы,

«Желтоқсан ақиқаты»  РҚБ Павлодар облысы филиалының төрайымы, Кереку  қ., (павлодар, кешіріңіз, қала атауы Алексей 2-ші патшаның павел атты баласының атымен әлі күнге аталып, отаршылықтың көз шұқыған айғағы болғандықтан, өз тарабымнан ылғи да кіші әріппен жазылады. Қаланың ғалымдармен дәлелденген тарихи атауы – Кереку)  Қайрбаев көшесі 104-136, тел. 8(7182) 51-10-50, 8-701-182-52-65, e-mail: ruza_7mail.ru

Жазылған жағдайлардың Кереку қаласында орын алып отырғанына күмәнданбайтын, растайтын азаматтар:

Нұрбаев Қ.Ж. т.ғ.д., профессор

Тойшыбай А. Республикалық «Оян намыс» жорналының тілшісі,

Қалиев Мақсұт, Азат ҚБ павлодар ф-лы төрағасы,

Сейдалиева Г. оралман,

Баязит Қ. теміржолшы,

Нұрсеитов С. облыстық «Қазақ тілі қоғамы» мүшесі,

Аябергенов Е. жастар белсендісі

«Жас қазақ үні» газеті

www.qazaquni.kz

 

26 ПІКІРЛЕР

  1. Руза батырым жасыма қазақтын тілі ешқащан ұмытылмайды қарсы шыққан адамдардын тағдыры шешіледі. Қазақ тілін қорғауға әр қазақ дайын екеніне сенемін.Бұл кезең уақытша екніне ұмытпайық қаңдастар.

  2. «Оны жасау үшін екіжүзділік пен сатқындықты қойып, ел мүддесі үшін ашық талаптарымызды батыл түрде қоя біліуіміз керек! Бастсы, карапайым қазақ бірін-бірі сатып кетпеуі керек!» Керемет айттыңыз Мади

  3. Қазақ тілінің дауы ешқашан бітпейді бауырларым?! Неге? Себебі,екіжүзді биліктің басында өңкей сатқындар отырғанда?! Қазақстанның саяси билігіне түбегейлі өзгеріс керек! Ақсақал шаршады, одан елде шаршады! Ал саяси өзгерісті жасау үшін, Алаштың бірлігі керек, оған қоса, қан төгілу керек! Онсыз қолайлы өмір жоқ, Ақорда халықты тыңдаудан кетті! Ұлт мүддесін ойлайтын нағыз үлтшыл патриоттарды біріктіріп, солардың идеясының астына көп болып топтасып, көрші қырғыз еліндегідей билікке саяси төңкеріс жасау қажет! Тез арада, жасамасақ енді 5-6 жылда бәрінен айырыламыз! Келешек ұрпақ сосын бетімізге түкіретін болады! Басқа жол жоқ, ұрда жық меморгандағы отырған және де арсыз, намыссыз жемқор шенеуніктердің жөнге салудың ең тиімді жолы осы! Төңкеріс! Төңкеріссіз тамаша тірлік жоқ! Оны жасау үшін екіжүзділік пен сатқындықты қойып, ел мүддесі үшін ашық талаптарымызды батыл түрде қоя біліуіміз керек! Бастсы, карапайым қазақ бірін-бірі сатып кетпеуі керек!

  4. Паулодарда (осы атты жазғым келмей отыр) намысы бар жігіттер болса анау Қайрбаев Қайрат деген мігітпен дұрыстап «мәдениетті» түрде сөйлесіп, түсіндіру жөн болар.

  5. Айналайын Қазеке! Рахмет мені көріністі жерге қойғаныңыз! Қазекемнің (қазақтарымның) жақсы пікірлеріне, ұйғырдың намыс қайрақшы пікріне де алғысым мол!

  6. Билікте отырғандар Бәлембаевич пен Бәлембаевна-лар олар Қазақтар емес олар Қазақстнские Чукчи.Жириновский осылай деп айтқан ақмақтың айтқаны келмейді сандырағы келеді!

  7. Қазақ елінде жүріп қазақ тілінде қызмет көрсетілмеуі суы жоқ моншаға түсу… моншаға кіріп су сұраумен тең… су сұрап жексұрын атанумен тең… Тәуелсіздікті ана тілімізде еркін сөйлесу үшін алмап па едік?!

  8. Қазақтың орысқа осылай итше байлануы, құлдығы, құлай берілгендігі, орыс тілін акцентсіз сөйлеуге тырысып, маймылдай құбылуы – «қандай жиіркенішті, өкінішті, опасыздық»

    (Майя Плисецкая).

  9. Қазіргі билік түп-тамырымен қуылмай қазақ тілінің еңсесі еш-қашан көтерілмейді. Өйткені бұл билікті халық сайлаған жоқ, Кремль тағайындаған. Сондықтан олар үрім-бұтағында тек орысша оқытып, орысша тәрбиелеуде. Бұл билікке қожайыны тарапынан берілген бір ғана бұйрық бар, ол – қазақты толық орыстандырып, шоқындыру. Сөйтіп жер бетінен қазақ ұлтын да, қазақ мемлекетін де мүлде жою!!!!!!! Қырғыз бауырларың.

  10. Тағы да мен: сендердің қазақтардың президентінен бастап қарапайым азаматына дейін құлсыңдар. Орысқа жағымпазданудан әлем чемпионысыңдар. Жеңістғерің құтты борлсын!Ей сорлы қазақ тәуелсіздік деген сөдің қарғысы атсын сендерді.

  11. ЕЙ ҚАЗАҚТАР СЕНДЕР ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ЛАЙЫҚ ЕМЕССІҢДЕР. ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕГЕН СӨЗДЕН АДЫРАМ ҚАЛЫҢДАР.ШІРКІН СОЛ ТӘЕЛСІЗДІКТІ ҰЙҒЫРЛАРҒА БЕРСЕ ҒОЙ. ЕЙ СОРЛЫ ҚАЗАҚ ЖАН-ЖАНҒЫҢДАҒЫ АЗЕРБАЙЖАН, ТҮРКІМЕН, ӨЗБЕК, ГРУЗИН ХАЛЫҚТАРЫНА ҚАРАМАЙСЫҢ БА. ОСЫЛАЙ ӨЗ ЖЕРІҢДЕ ӨЗІҢ ӨЗ АНА ТІЛІҢДЕ СӨЙЛЕЙ АЛМАСАҢ НЕСІНЕ ЕЛМІН ДЕП МАҚТАНАСЫҢ. СЕНДЕРДІ ТІПТІ АДАМ ҚАТАРЫНА ҚОСУДЫҢ ӨЗІ ҰЯТ. СЕНДЕРДІ ҚҰДАЙ ҚҰЛ БОЛУ ҮШІН ҒАНА ЖАРАТҚАН СИЯҚТЫ.

  12. ЕБ ағзамның өткендегі сол сөзінен кейін қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесінен айырылды десе де болады. Енді екі тіл де мемлекеттік тіл. Кім қай тілде сөйлесе еркі біледі. Расымен де ешкімді тек қазақша сайра деп міндеттей алмаймыз.
    Есіме түсіп отыр, Париждың Шарль де Голль атындағы әуежайында «1-терминалдан 2-терминалға қалай өтем» деген сөзді ағылшыншылап сұрап, сол жердің қаншама қызметкерінен тек қана французша жауап ала алдық. Және құрғырлар ағылшынша түсініп тұрып, бүкіл ықыласымен күлімдеп тұрып французша жауап беретінін қайтерсің!
    Нағыз біздің Рузажан сияқты қайтпас қайсар азаматтар екен.
    Ай, Күн, Жер орнында тұрғанда бізде де түбі солай болар. Күтейік. Басқа амал жоқ.
    Қыртымбай.

  13. Защита русского языка патриотизм, защита казахского языка национализм!

    Итальяндық “Ренко” компаниясының президенті Ринальдо Гаспарини мырзаның: “Мен әлемнің 141 елін аралаған жанмын. Солардың ішінде өз мемлекетінде отырып, өз тілінде өмір сүре алмай отырған бейшара халықты көрдім, ол қазақ халқы екен”-деген сөзі көкірегінде намысы бар қазақтың шамына неге тимейді!

  14. Құрметті Руза апай сіздің, қазақтың тілін, құқығын қорғап әрқашан аянбай еңбек етіп, маңдай теріңізді төгіп жүргеніңізді «Жас қазақ үні» газетінің сайытынан оқып,қолдап отырамыз.Осындай арқа сүйер ағаларымыз,апаларымыз бар деп мақтан тұтып,әліде үміт отын сөндіргіміз келмейді.Қалада мұндай теперішті күнде қадам сайын кезддестіреміз, құса болып кетпесек игі еді.Көбінде балалар ойнап демалатын орындарда қазақтың әдемі келіндері-басқа тілді,балалары-да, қазақ тілді балаларға мұрындарын шүйіріп,менсінбей қарап,балаларын алшақтатып,өз тілін сезбей өзге тілді болғанына аспандап тұрады.Қазақша білмейсіңдерме- үйренуге болады ғой, балаларда өз ана тілінде білу керек десең, ұлтшылсың сотқа берем деп шығады. Болашақ жастардікі дейміз солармен көп жұмыс істеу керек, болмаса жаңағы бүлдіршіннің тілінің болашағы қауіпті.Бұл деген Қазақтың қауіпі.Тіл үшін күресу азаматтық намыс, азаматтық парыз және міндет деп білемін.Руза апай өзге тілді қазақ жастарының өз тіліне, ұлтына құрметпен қарап мойынсынуына ат салысып көмектесейік.

  15. Тілімізді қорламайық, өзіміз қор болмайық десек, бізге жай әншейін билік басындағыларды ауыстару ғана емес, төңкеріс (революция) жасау керек. Қазіргі биліктің ең «дөкейінен» бастап қазақша (өзі басқарып,бүкіл қызығын, рахатын көріп отарған мемлекеттің мемлекеттік тілінде) сөйлемейінше, көсегеміз көгермейді. Тіл елдіктің (мемлекеттіктің)- негізі. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, тілі жоғалған жұртттың өзі де жоғалады. Руза қарындасымның жан айқайы жанымды ауыртып жіберді. «Ойда он сиырдың мүйізі қақсаса, қырда қырық сиырдың мүйізі қақсайды» деген қазағым данышпан екен ғой!

  16. Қазыбек Исаға: «Осы біз ел болмаймызба деп қорқамын»,- деп айтқан қорқынышыңыздың орыны бар деп ойлаймын, қорқуға болады. қазыр ұлтымызды құрту жұмыстары іске асырылып жатыр, енді 2-3 жыл өткен соң мүлде кеш болады. Бізге егер Үкімет Тіл туралы ЗАҢ қабылдамаса шұғыл түрде күшпен қабылдатуымыз керек!!!!!

  17. Сізге рахмет, Қазыеке! Ләйім осылай әр ұлтшыл қазақ басқа да ұлтшылдарды, әйел екен, жас екен, ана партияныкі екен, не баяғыда мәшинесімен мысығымды басып кеткен))) еді екен демей, осылай қолдап жүрсе шіркін!

  18. Рахмет, Руза! Өр рухың өрге тартып, ел қатарлы ел болған күнге жете берейік. Ол үшін әр қалада бір емес, бірнеше Рузалар болып,осындай ерге лайық қайрат таныта берсін деп тілеймін!

  19. Асқақ Рухты, Өр Қазыбек! Кереметтей ризамын, Газет болып жазғандарымды растағандарыңызды! Өтірікті ит етінен жек көрем қазақша айтқанда, сондықтан жазғанымның шындығына еш уақытта күмәндәнбауларыңызға болады. Негізінен қалтафонымда да жазулы болады сондай жайттар. Біздің шенеуніктерді нақтылы қатырдыңыз! Сол керек оларға! Былтыр қаладағы пошта бөлімшесінде қазақша қызмет көрсетпеді деп қала ма облыс па прокурорына, тілдер мекемесіне жазғам. Мәдениет және тілдер бөлімі бастығы Айнұр: «Сізге қазақтілді адам аударып тұрыпты» деп жауап берді. Ал сол бөлімшенің бастыңғының өзі «К сожалению сейчас нет ни одного человека в отделений (қаладағы 6-шы бөлімше), который мог бы Вас обслужить на гос.языке» – мемлекеттік Қазпошта! Өзінше менің бірнеше БАҚ құралдарына, еңбастысы «Жас қазақ үнінде» шыққан, осы Айнұрдың: «Орыстілділермен сөйлегенің олардың құқын бұзғаның» деп масқаралағанына өш алғаны ма екен? Сіздің «Павлодарлық мемлекеттік қызметкерлердің бәрі мисыз ба» дегеніңізге орай жазып отырмынғой. Өйткені сол Айнұр қазақ тілі тек менің тілім деп ойлайтын болу керек))). Сондықтан жауап-хатындағы «отписка-өтірігі» өзінше менен өш алғаны да. Ал «Осы біз ел болмайтын шығармыз деп қорқамын…» дегеніңізге келспеймін! Сіздей Өр, ұлтшыл қазақтар тұрғанда, біздей қолдаушылар барда, азат ел, азат тіл, азат қазақ үшін өліспей беріспейтінімізге мен сенімдімін, Қазыеке!

  20. Арынның арыны қайда? Ол әкім болғанда ұлтқа жанашыр деп қуанғанымыз босқа кетті ме? Жоқ орысша сөйлемесе, түсінбейтін, мемлекеттік тілге де, ана тіліне де миы жетпейтін Павлодарлық мемлекеттік қызметкерлердің бәрі мисыз ба? Онда Оңтүстіктен жіберейік, орысша сөйлемейтін, қазақшаны қатыратындарды…Әкім Арын Керекудегі тілге, ұлтқа жанашыр жалғыз қазақ қызы Рузаны шетел тілділікктерге талатып қойып отыра бере ме? Қазақ қызы ғана емес, қазақ тілі,қазақ елі қорланып жатқаны біздің бейшара, құлдық құлқыннан 20 жылда да шыға алмаған шенеуніктердің қашан миына кіріп, қашан санасы оянады? Осы біз ел болмайтын шығармыз деп қорқамын…

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз