Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты
2020 ж. 19 наурыз
2534
0
Бүгін "Қазатомөнеркәсіп" АҚ-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мұхтар Жәкішев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде босату туралы өтінішін қарап, оның қанағаттандырды.
Семей қаласының сотында "Қазатомөнеркәсіп" АҚ-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті босату туралы сот үкімі жарияланған кезде залдың реакциясы өте көңілді болды. Залда жиналғандар жаңалықты айқай-шумен, қуанышпен қабылдады.
Ал Жәкішевтің отбасы оның бостандыққа шығатынына сене алмай отырғанын айтты.