ҚР Президенті Дархан Кәлетаевқа бірқатар тапсырма берді
2020 ж. 25 ақпан
1224
0

Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісі Дархан Кәлетаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық байланыстарды одан әрі дамыту, сауда-экономикалық қатынастарды жандандыру, IT технология саласындағы ықпалдастықты арттыру мәселелері сөз болды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Кәлетаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.
Еске салсақ, Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі қызметіне тағайындалған болатын.