Сот экс-әкім Бақауовқа қатысты үй қамауына алу туралы санкция шығарды
2020 ж. 19 ақпан
1347
0
Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов үй қамауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Экс-әкімге қатысты қамауға алу туралы бұлтарпа шарасы үй қамауына өзгертілді.
Еске салайық, 17 қаңтарда соттың үкімімен Бақауов екі айға қамалған болатын.
Ал оған дейін Бақауовтың лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін күдікті екені хабарланған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 15 қаңтарда қылмыстық іс бойынша жедел тергеу іс-шараларын өткізген еді.