Тоқаев Қордайдағы жағдайға байланысты бірқатар шенеунікті қызметінен босатты
2020 ж. 10 ақпан
1764
0
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы жағдайға байланысты бірқатар лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тартуды тапсырды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы А.Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды», - делінген Ақорда сайтында.