Президент «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
2020 ж. 31 қаңтар
1397
0
Кездесу кезінде Ғалымжан Пірматов Мемлекет басшысына уран өндіруші компанияның 2019 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары және оны дамытуға арналған алдағы жоспарлары туралы баяндады, - деп хабарлайды Ақорда.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы ұжымдық басқару, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері компания жұмысының басым бағыты екенін атап өтті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа компания өзінің өндірістік және қаржылық мақсаттарын табысты жүзеге асыруының арқасында әлемде уран сату бойынша қатарынан екінші жыл көшбасшылық орнын сақтап қалғаны жайында мәлімет берілді.