Митингіге дейін-ақ тұтқындалған... Әбілев пен Қосанов аштық жариялауда.

 

      28 қаңтардағы Жаңаөзенді еске алу митингісіне қатысқаны үшін Болат Әбілев 18 күнге, Әміржан Қосанов 15 күнге абақтыға отырып шыққаны белгілі. Әбілевке 3 күн артық мерзімді Әміржаннан жасының үлкендігін «сыйлап»  берген жоқ... Сот шешімін отырып тыңдап, сотқа құрмет көрсетпегені үшін берді... Сот шешімі әділ болса ғана, оған құрмет көрсетілетінін біздің соттар 2030-дан кейін білетін шығар... Оппозиция жетекшілері белгіленген мерзімді атқарып шыққан күні-ақ 25 ақпандағы Қарсылық күні митингісіне қатысатындарын айқын мәлімдеген болатын. Сол сөздерінде тұрып, жолда келе жатқан қос оппозиция серкелерін жолда ұстап алып кетті. Сот  оларға және 15 күннен түрмеге отырып шығуға шешім шығарғанына қарсылық ретінде Әбілев пен Қосанов аштық жариялады... Митингіні ұйымдастырушылар Азат ЖСДП емес, өзге оншақты қоғамдық ұйымдар екенін  ол ұйымдар  өз мойындарына алса да, оқиға орнында болмаған азаматтарды қалай айыпты қылатынын біздің соттар жақсы меңгерген болып тұр... Сотқа сенбейтіндіктерінен аудандық сот шешімін аппелияцияға беруден бас тартқан қос серке қолдаушылардың бәріне алғыс айтты.

                                        Қ.СЕЙХУНИ