Кездесу барысында Бас прокурор Қазақстан Президентіне қадағалаушы орган жұмыстарының қорытындылары, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндады. Ғизат Нұрдәулетов Қазақстанда қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Президентке азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау шаралары, сондай-ақ, қылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері және қылмыстық процеске цифрлық технологияны енгізу туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам өміріндегі барлық сала бойынша заң үстемдігін қамтамасыз ету жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Бір пайдалы нәтижесі болып қалар
Жыл соңында әр саланың мамандары Поезидентке жеке есеп беруде
Бас прокурор Президенттің тапсырмаларымен жұмыс істеп, осы салада дұрыс нәтиже шығару керек
Дұрыс заң үстемдігін қамтамасыз ету керек