Ноғаев энергетика министрі болды

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Атырау облысының әкімі қызметінен босатылсын, - делінген хабарламада.