Азат ПЕРУАШЕВ: МАНДАТ– ешкімнің жекеменшігі емес, ПАРТИЯНЫКІ. Сондықтан біз бір жылда ротация жасаймыз.
2012 ж. 05 ақпан
1509
5
Ал ашық пікірталас партияның іргесін бекемдей береді
Біз бүгін осындай ашық әңгіме айтуға бас қосып отырмыз. Сол үшін жиналдық бүгін. Біз осында айтылған барлық құнды ұсыныстар мен бағалы пікірлерді басты назарға аламыз. Біздің депутаттарымыз Алаш азаматы болуға ұмтылып, ішінде өзім де бар, Амангелді ағамыздан, Қазыбек ағамыздан үйренетін болады. Ағаларымыз айтып, көтеріп отырған Алаш кеңесін толық қолдаймын. Оны алда Орталық кеңесте де қараймыз. «Біз ешкімнен кем болмауымыз үшін білімді, бай және күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек. Бай болу үшін кәсіп керек. Мықты болуымыз үшін бірлік керек»-деп Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ұлт зиялылары мен кәсіпкерлер партияның алға тартатын қос қанаты. Депутаттық мандат – ешкімнің жекеменшігі емес, партияныкі. Сондықтан біз бір жылда мандатқа байланысты ротация жасаймыз. Жаңа Бөріхан Нұрмұхамедовтың және басқа да әріптестерімнің сөзінде бірнеше маңызды мәселелер айтылды. Соған мен де өз пікірімді айтуым керек. Мысалы мен Бөріханмен бір мәселеде келіспеймін.Ол сырттай сұрау салу арқылы дауыс беруді алып тастау керек дейді. Бұл мәселе бойынша біз әлі кең отырып, жеке тоқталуымыз керек. «Ақ жол» партиясы ел ішінде танымал, беделді партия екені белгілі. Кез келген мәселе бойынша тығыз шешім қабылдау керек болып қалады. Сондай кезде біз өайта-қайта Астанаға жиналса, оған біреу келеді, біреу келе алмайды, енді біреу әдейі келмеуі мүмкін. Сонда біз мәселені шешусіз қалдыруымыз мүмкін. Партиямыз тарихында ондай жағдайлар, өкінішке орай болған да. Сұрақ та, сауал да, дауыс беру де жазба түрде болса да, біз оған әрқайсымыз жауаптымыз деп білемін. Ондай маңызды шұғыл шешім қабылдауға ешқандай кедергі болмауы керек. Заман талаптарына сай біз жылдам жұмыс істеп, тез шешім қабылдайтын партия құруымыз керек. Біз соған алғашқы қадамды жасадық. Ал облыс филиалы төрағалары облыстық кеңесте сайланған соң, оларды қазіргі жарғы бойынша Президиум бекітуі тиіс. Ал қаражат мәселесіне келсек, әрине, ол ашық болуы тиіс. Партияның Бақылау комиссиясы жұмыс істеу керек. Кешегі Президент Жолдауына қарасаңыздар, біздің партия бағдарламасындағы қолжетімді тұрғын үй, жұмыссыздықты азайту, әлеуметтік қолдаулар, жемқорлықпен күрес секілді бағыттарымыз да қамтылғанын көреміз. Бұл үшін осы бағдарламаны жасаушылардың бірегейі Бөріхан Нұрмұхамедовке алғысымызды айтуымыз керек. Сонымен қатар, сайлауда үлкен рөл атқарған Республикалық «Жас қазақ үні» газетінің еңбегін біз зор бағалаймыз. Қолдау көрсетеміз деп білемін. Кешегі сайлауда маған халықаралық байқаушылар келіп:» біздің бақылайшымызшы сіздердің «Ақ жол» партияларыңыз 21-24 пайыз алды. Шағым жасамайсыздар ма?»-деді. Мен «Біздерге өз үйімізде тыныштық керек»-деп бас тарттым. Жариялылық бар жерде, демократия бар жерде, даму бар. Сол демократияның арқасында «Ақ жол» Мәжіліске келіп отыр. Депутаттарға сіздер тапсырма беріп, жұмыстарын қадағалап отырыңыздар. «Бетке айтқанның зәрі жоқ»-деп, атам қазақ айтқандай, осылай бір-бірімізге бетіміз ашық пікірталастыру, шындықты айту, демократиялық дем партияның іргесін бекемдей береді деп сенемін.