Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды
2019 ж. 20 қыркүйек
2760
0
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», делінген құжатта.
Еске сала кетсек, кеше Президент Қарағанды облысы әкімі лауазымына Жеңіс Қасымбекті ұсынған болатын. Ал, Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарған Ерлан Қошанов ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалған еді.